Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Мемлекетіміздің басты байлығы – ұрпақ саулығы» деп Елбасымыз айтқандай, халықтың денсаулығы басты қазынамыз екендігі рас. Қазіргі таңда денсаулық сақтау саласын жақсарту мақсатында көптеген жұмыстар қолға алынып, ауыз толтырып айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп келеміз. Осындай іс-шараның бірі - мектебімізде игі дәстүрімізге айналып, өскелең ұрпақты спорттың түрлерімен шұғылдануға шақыру, бейімдеу үшін ұйымдастырылған «Денсаулық фестивалі-2017» апталығы.


Бұл апталықтың басты мақсаты – спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, салауатты өмір салтының мәдениетін өскелең ұрпақ арасында қалыптастыру. Апталық барысында 5-6 сыныптар арасында денсаулық күніне арналған сурет көрмесі ұйымдастырылды. Бастауыш сыныптарға мектеп медбикесі Г.Баяхметова «Дұрыс тамақтану – ұзақ өмірдің кепілі» тақырыбында дәріс оқып, мектеп тренері Г.Елеусизова ата-аналармен тренинг өткізді. Апталықтың жоспарына сәйкес сайыс, ойындар іс-шарасы мектеп алдында тізіліспен ашылды. Тізілістен кейін оқушылар, мектеп ұстаздары, ата-аналар, фестиваль қонақтары флешмобқа қатысты. Бұл үлкен спорттық сайыс-тар: кросс, эстафета, веложарыс мектеп стадионында өтті. Жарысқа барлығы белсене қатысты. Келесі кезекте мектеп спорт залында «Мен және менің отбасым» тақырыбында 5-8 сыныптар аралығында отбасылық сайыс ұйымдастырылды. Сайыс қызықты өтіп, отбасылар белсене қатысты. Жеңімпаздар мақтау қағазымен марапатталып, І-орын алған топқа кубок тапсырылды. Апталықтың өз деңгейінде өтуіне белсене қатысып, жүлделі орын алғандар ауыл әкімінің мақтау қағазымен марапатталды.


Ж.Сейтқазы, қазақ тілі мен әдебиет

пәнінің мұғалімі, Қ.Аухадиев атындағы
орта мектеп

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз