Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ж.Болғанбаев атындағы орта мектепте «Балдәурен» жазғы демалыс лагері ұйымдастырылып, ол соңғы қоңырау салтанатынан соң, бір аптадан кейін жұмыс істей бастады.

Жаз мезгілінде балалар демалысын, сауықтырылуын ұйымдастыру, олардың шығармашылық дамуына жағдай жасау үшін мектеп жанындағы жазғы демалу-сауықтыру лагерінің атқарар міндеті зор. «Балдәурен» лагерінің жұмысы төрт ауысымға жоспарланған. Онда көпбалалы және аз қамтылған отбасыларынан 50 оқушы қамтылған.

Жылдағыдай дәл мерзімінде ашылған лагерь жұмысы 1 маусым – Балаларды қорғау күнін атаумен басталды. Лагердің қызықты да, қауырт күндері зулап өте берді. Балалардың мұндағы өмірі спорттық шараларға  қатысу, өлкеміздің табиғатымен танысу, біруақыт еңбекпен айналысу және интеллектуалдық жағынан даму сабақтары мен көңіл көтерулерге толы болды. 

Балалар өздерін «Денсаулық – зор байлық», «Музыкалық қобдиша», «Мен болашақ дизайнермін», КВН, «Ойлан тап», «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ», «Ертегілер еліне саяхат» ойындары, «Кітап менің досым», «Көрікті менің Астанам!» танымдық сағат, «Біздің ауылдың табиғаты» саяхаты мен түрлі спорттық шараларға қатысуда көрсете білді. Саяхат кезінде қауіпсіздік ережелерімен де танысты. «Бұл біздің жадымызда сақталып қалады, болашақта керек болады», - дейді балалар.

«Танысу», «Міне, мен қандаймын», «Коммуникативтік қарым-қатынасқа арналған психологиялық тренинг», «Дос іздеу», «Менің көңіл күйім» сияқты психологиялық тренингтерге қатысу да демалушылар үшін қызықты болды. Мектеп кітапханашысыА.Сағындықова өткізген «Мемлекеттік рәміздер -ұлттық мақтаныш» тәрбие сағаты мен «Қазақстан рәміздері» слайд көру сағаты, «Рәміздер тарихы» танымдық кеші балалардың патриоттық рухын тәрбиелеуге бағытталып, олар өз елдерін мақтан тұтатындарын өлең, тақпақпен жеткізіп, белсенділік танытты.

«Біздің мектептің жазғы лагері басқа да мектеп жанындағы жазғы демалу-сауықтыру лагерімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Мысалы, бастауыш мектеп жанындағы «Солнышко» лагерінің балаларымен «Эстафеталық жарыстар» және басқа да іс-шаралар өткізілді. Сондай-ақ, мұражайға, спорт кешеніне, ауылдық кітапханаға және басқа жерлерге саяхат жасадық»,- дейді мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары, жазғы демалу-сауықтыру лагерінің басшысыА.Таникенова.- Балалардың демалысы көңілді өтуі үшін әдіскер Ә.Қожахметова,тәрбиешілер, бастауыш сынып мұғалімдері С.Шкибаева,С.Аязбаева,К.Қабланова, Ф.Темірғалиева және басқалары, дене тәрбиесі мұғалімдері А.Әкенев,Т.Анатпаев шығармашылық ізденіспен, жауапкершілікпен қарады.  Лагерь жұмысы шілденің 17-не дейін созылады. Балалардың алдыңғы маусымда демалыста болғандары келесі маусымға да сұранатын жағдай орын алып отыр. Бірақ оған мүмкіндік жоқ, өйткені жазылып қойылған балалар да демалулары керек, - дейді ол.

«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз,

Бар дауыспен әнге салып, лагерь жырын айтамыз»,- деп балалар ән салады. Жаз қызығы таусылмайды. Олар ертеңгі күні шынығып, шымыр болып, күнге күйіп, денсаулықтарын нығайтып, жаңа тың күшпен мектеп партасына оралады. «Ол туралы ойлау әлі ертерек, жасасын жаз, жасасын каникул!», - дейді оқушылар.

Клара НҰРПЕЙІСВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз