Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудандық мемлекеттік қызметкерлер арасында «Өзіңнен мүмкін еместі талап ет, сонда қайтарымы болады» - деген ұранмен спартакиада өтті. Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби мерекесіне орай өткен бұл шараның негізгі мақсаты- дене шынықтыру және спортпен айналысуға тарту, спорттың танымал түрлерін насихаттау, дамыту және белсенді демалысты ұйымдастыру болып табылды.

«Дорожник» стадионына бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, мамандар - барлығы жүзден артық адам жиналды. Олар өз кабинеттерін бір күнге стадионға ауыстырғанға қуана келісті. Ал жұмыс киімін спорттық киімге ауыстырды. Осылайша, мемлекеттік қызметкерлер дене шынықтырумен айналысу сәнді, танымал екенін танытты. Жеңіс үшін жұмыс барысында спортпен ешқандай қатысы жоқ ведомстволар да жан беріспеді.

Аудандық спартакиада өткізу бастамасын аудан әкімінің аппараты көтерді. Оны әріптестері-мемлекеттік қызметкерлерқызу қолдады.  Жарысқа қатысушыларды аудан әкімі аппаратының жетекшісі Р.Кемербаева құттықтады. Ол барлығына әділ тартыста жеңіске жетуді тіледі.

Жарыс спорттың бірнеше түрінен тұрды. Оған эстафета, арқан тарту, кедергіден секіру мен кедергілерден секіріп жүгіру кірді. Кейбірі балалық шақтан есте қалғанды еске түсірді, мысалы, жіппен секіріп ойнау. Ал кейбірін осы жерде үйренуге тура келді. Біреулері қателік жіберіп, құлап жатса, жанкүйерлер демеу болды. Әр топтың өз командаларын ешкімді қайталамайтын қолдау әдістері болды.

Талтүстегі ыстыққа қарамастан, көрермендер мен жанкүйерлер өте көп жиналды. Спартакиадаға қатысушылардың отбасы, таныстары мен достары, әріптестері жанкүйер болды. Өздерінің қызмет лауазымына қарамастан, осы жерде барлығы тең болып, команда үшін аянбай, жеңіс үшін күресті. Ешкім де беріскісі келмеді, әсіресе, жастар жағы белсенді болды.

Ең басты жеңіс  - жақсы көңіл-күй мен пікірлес команда құра білу, ұйымшылдыққа ұйысу еді. Бірақ, кез келген жарыста жеңімпаз бар. Сайыс соңында ең батыл, епті мемлекеттік қызметкерлер анықталды.  Жалпыкомандалық есеп бойынша бірінші орынды «Сұңқар» командасы алды, команда капитаны – Дәурен Қойгелдин, 2 орында капитаны Мұхтар Жәңкебаев - «Бектемір» командасы, ал үшінші орында «Қырандар» командасы, капитаны- Медет Сейпилов.

Футболдан ауылдық округ әкімдерінің командасы жеңіске жетті, команда капитаны Мұхтар Жәңкебаев. Екінші орында бөлім басшыларының командасы, капитаны Б.Бекенов, капитаны Серік Байсеңгіров болып келетін «Жастар» командасы үшінші орынды қанағат тұтты.Әйелдер арасындағы волейболдан жарыста ең күшті команда Мақпал Тәжікова басқарған «Жастар» командасы болды. Ал екінші орынды ауылдық округ әкімдерінің командасы «Девчата» иеленді, капитаны Гүлнар Асауп, үшінші орында «Кокпектинка» атты Әлфия Кәрімова жетекшілік еткен команда.

Спартакиада жеңімпаздары сыйлықтармен марапатталды. Ең бастысы бір күндік болса да қуат алып, көңіл көтерілді, сергіп қалды -  жарысқа қатысушылардың өздері солай деді.

Роза Чултукова, аудан әкімі аппаратының бас маманы:

-Көңіл күйіміз өте жоғары. Осындай шаралар көбірек болса. Бұл ұжымның ұйымшылдығын арттыра түседі. Алғашқы жарыс мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілікпен қарағандарын көрсетті, олар жеңіс үшін шындап күресті. Жарыстың «бес» деген бағаға өтетініне сенім зор болды. Болашақта бұл дәстүрлі жарысқа айналатыны сөзсіз. Басты - мақсат салауатты өмір салтын насихаттауды одан әрі жандандыра түсу болса, оны ең алдымен өздері үлгі етті.

Гүлзифа Қасенбаева, мемлекеттік қызмет ардагері:

-Спартакиада өткізу бастамасы өте жақсы. Мемлекеттік қызметкерлер халықпен жұмыс істейді. Сондықтан да, сымдай тартылған сымбатты, дені сау болулары тиіс.

Семейхан Далбин, Тассай ауылдық округінің әкімі:

-Барлық ойын жақсы өтті. Қарсыластар да мықты болды. Осындай жарыстар аудан өмірінің ажырамас салтына айналса деймін.

Сара ТЫНЫБАЕВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз