Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақ сахарасында осыдан тура жүз жылдай бұрын Алаш қозғалысы бастал-ған еді. Яғни, биыл Алашорда үкіметі құрылып, Алаш автономиясының жариялан-ғанына 100 жылдығы еліміздің өміріндегі аса маңызды тарихи оқиға. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында Қазақстанның саяси өмірінде үлкен өзгерістер орын алды. Ұлттық сана-сезім оянып, жаңа идеялар ой-пікірлер пайда болған осы тарихи кезеңде туған халқын Ресей бодандығынан азат етудің жолында аянбай еңбек еткен алаш қайраткерлерінің орны ерекше. Солардың бірі – Алаш қозғалысының көрнекті мүшесі, Шығыс өңірінде алғаш мектеп ашып, қазақ балаларын оқу-білімге тартып, қыр қазағының құқығын қорғаған, ағартушы-публицист, халық мұғалімі, ұлтжанды азамат, фольклоршы – Отыншы Әлжанов болатын.

1873 жылы Семей облысы Зайсан уезі, Нарын болысының №6 ауылында Әлжан Сақауовтың ауқатты отбасында дүниеге келген. Сақаудың (шын аты Мұхаметхан) әйелі Тайбала – білікті қоғам қайраткері, әйгілі аға сұлтан Құнанбайдың туған қарындасы екен. Белгілі қоғам қайраткері, әйгілі аға сұлтан Құнанбаймен аралас-құралас болып заман ағымын пайымдай білген Сақауовтар балаларын орыс оқуын оқытуды ертерек қолған алады. Сондықтан да Отыншы жастайынан орысша оқу оқиды. 1882 жылы Зайсан қаласындағы бастауыш орыс-қазақ училищесіне оқуға түсіп оны 1887 жылы үздік бітіріп шығады.


1987-1890 жылдары Омбы қалалық училищесінде оқиды. Білімін одан әрі жетілдіру үшін Омбы мұғалімдер семинариясына түседі.Тек қана сабақ оқып қоймай газет-журналдар мен ғылыми кітаптарды жүйелі түрде оқып тұрады. Алып Ресей мемлекетінің тыныс-тіршілігімен таныса отырып, өз халқының өткені мен бүгіні жайлы толғанып, санасы оянған О.Әлжанов шығармашылық жұмыспен де шұғылдана бастайды. 1894 жылы мұғалімдер семинариясын үздік бітірген О.Әлжанов Дала генерал-губернаторының кеңсесіне губерния хатшысы қызметіне қалдырылады. Бұратана халыққа ондай қызмет ұсынылмайтынын ескерсек, қыр қазағы үшін бұл үлкен лауазым еді.
1895 жылы Ақмола облыстық сотының аудармашысы болып қызмет істейді. 1897 жылы осы қызметте жүргенде Бүкілресейлік халық санағын өткізуге қатысады. Осы жұмысты өте тиянақты жүргізгені үшін патша ағзам қола медаль мен куәлік тапсырып марапаттайды. Халық санағын жүргізу барысында алыс аудандарда үш ай жүруі Отыншыға қатты әсер етеді. Қазақ халқының ауыр тұрмыс-тіршілігін өз көзімен көріп, олардың әлеуметтік жағдайын, теңсіздігін жақыннан көріп танысады. Қазақ балаларын оқыту арқылы ғана халқын надандық пен бодандықтан құтқара алатынына көзі жеткен Отыншы 1897-98 жылдары «Дала уалаяты» газетінде «Қырғыз (қазақ) балаларын тәрбиелеу туралы әңгімелер», «Қырғыз (қазақ) даласындағы халыққа білім беру туралы» т.б. мақалаларында ол қазақ балаларына бастауыш білім берудің көкейкесті мәселелерін қарастырды. Діни білім беретін мектептердің орнына жаңа әдіспен оқытатын мектептер ашуды ұсынды. Орынбор, Астрахан, Торғай облыстарында осындай мектептердің жұмыс тәжірибесін ұсынып, солардан үлгі алуға шақырады. Дала округтік оқу ісінің меңгерушісі, әйгілі миссионер А.Алекторов Отыншының сабақ беру шеберлігіне тәнті болып қатты құрметтеген.
Сот пен мектептегі қызмет Отыншының көп нәрсеге көзін ашады. Жергілікті басшылар мен үйездік шенеуіктерден, саудагерлерден, казактар мен қарашекпендерден қысым көрген қазақтар Омбыға жиі келіп шағымдануға мәжбүр болған Соттың губерниялық хатшысы болып отырған Отыншы оларға бар күш-көмегін аямай көмектесіп отырған. Отыншы өмірінің Омбыдағы кезеңі оның саяси көзқарасының, оқу-ағарту ісінің білікті маманы болып қалыптасуына ықпал етті.
1907 жылы Көкпектідегі 2 кластық орыс-қазақ училищесінің меңгерушісі болып тағайындалып, Өскемен, Зайсан уездеріндегі қазақ мектептеріне басшылық жасау міндетін қоса атқарады. 34 жастағы Отыншы Көкпекті училищесіндегі жұмысты қалпына келтіру үшін көп күш жұмсап, жаңа әдіспен оқытатын болыстық мектептер аша бастайды.
Көкпектіде ол тек ұстаздықпен айналыспай, істі болған, зәбір-жапа шеккен қазақтардың мұң-мұқтажын жоқтап, оларға нақты көмек береді. Көкпектіде тұрып жатқан орыс мұжықтары мен татар көпестері және қала тоғышарлары қала маңайында қазақтардың жаз жайлауға шығатын жерлерін ешқандай ақы төлемей, қалай болса, солай пайдаланып, қазақтарды басынып, астамшылық жасап, құқықсыз адам санатында қараған. Бұған ашынған ұлтжанды азамат заң жүзімен жерлестерінің талабын орындауға кіріседі. Оқыған қазақтың бұл әділетті қимылынан қауіптеніп, орыс келімсегі мен татар саудагерінің атынан пәле-жала ұйым-дастырылып, О.Әлжановты 1909 жылы 29 шілдеде тұтқындайды. Екі ай Семей түрмесінде ұстап, сотсыз, дәлелсіз 5 жыл мерзімге Жетісу облысының Лепсі уезіне жер аударылады.
Патша өкіметі құлағанда, О.Әлжанов Уақытша өкіметтің Лепсі уезі комиссарының орынбасары болады. Жетісу жеріндегі Алаш қозғалысына белсене араласады. Жетісу қазақтары атынан Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсы-нылады. Желтоқсандағы съезде жалпы, қазақ атынан Алашорда үкіметінің мүшелігіне сайланады. Жетісу облыстық қазақ съездерін ұйымдастыруға қатысады.
Азамат соғысы жылдары О.Әлжанов Лепсіде жұтаған елге көмек көрсету комитетін құрады. Милиция жасақтап «Елдің басына мынандай пәле туып тұрғанда мен бұларды тастап кете алмаймын, өлсем-тірілсем де бірге көремін», – деп елді қорғауға бел байлайды. 1918 жылы 45 жасында қызылдардың қолынан қаза табады. Кеңес үкіметі ұрпақтарын жойып, қуғынға ұшыратқан.
Алаш қыранының әдеби өмірінің өзі бір төбе. Өз халқының әлеуметтік жағдайы туралы мақалалар жазып, Омбыдаға сол кездің беделді қазақ газеті «Дала уалаятының» тұрақты корреспонденті болып, елінің тұрмыс-тіршілігі, шаруашылығы, наным сенімі туралы ғылыми мақалалар жазып, ауыз әдебиетінің озық үлгілерін жібере бастайды. 40 астам әртүрлі тақырыптағы мақалаларында қазақ балаларының оқуы мен тәрбиесі, халықтық педагогиканың артықшылығы мен кемшіліктері туралы әңгіме қозғап, заман талабына орай орыс мәдениетіне ден қоюға шақырған. «Жас ұрпаққа қажетті білім беріп, дұрыс тәрбиелеуге ұмтылсақ, онда біздің халқымыз да олар жеткен биіктерге жететін болады» -деп, қазақтың қара баласының қамын ойлаған белгілі қоғам қайраткері, ағартушы, ұстаз, фольклорист Отыншы Әлжановтың ұрпақтары бүгінде Қазақстанның түкпір-түкпірінде өмір сүріп еңбек етуде. «Орнында бар оңалар» дейді халық даналығы. Өзіне лайық ұрпағы бар адам бақытты. Оған дәлел - бірнеше ондаған жылдар бойы белгісіз болып келген жерлесіміз Отыншы Әлжановтың өмірі мен қызметі, халқының тәуелсіздігі үшін арпалысқан ауыр тағдыры туралы зерттеу жұмыстарының нәтижесінде «Отыншы Альжанов – беркут Алашорды» атты кітап 2008 жылы жарық көрді.
Қуғын-сүргінге ұшырап, түрлі ашаршылықты, зұлматты бастан кешсе де қазақ халқы өзінің елдігін сақтап қалды. Енді, міне, Тәуелсіз ел болдық, егемендікті аңсаған, сол үшін жанын салған Алаш зиялыларының арманы орындалды.

Дайындаған
Бақыт МҮЛІКОВА

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз