Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауларында Қазақстанда спорттың бұқаралылығын арттыру керектігін баса айтып отырады. Бұл дегеніміз - спортпен үлкен де, кіші де айналысып, ол күнделікті өмірімізге ауа қандай қажет болса, спорт та сондай қажеттілікке айналу керектігін білдіреді.

 

Қоғамның келешегі – дені сау, салауатты ұрпақ екенінде күмән жоқ. Елімізде салауатты салт қалыптастырудың негізі — жастарды спортқа баулып, жігерлендіріп отыратын түрлі жарыстар. Осы іспеттес додалардан біздің ауданның спортсүйер жастары да тыс қалып көрген емес. Сондай спорттық шаралардың бірі жуырда Астана қаласындағы жоғарғы оқу орындарының студенттері арасында өткен шаңғы жарысы. Спорттық шараға біздің жерлесіміз, Шұғылбай ауылының тумасы қазір Астана қаласында С.Сейфуллин атындағы агротехникалық иниституттың 3 курс студенті Санжар Қайырлыұлы Қабаев қатысып, жеңіске қол жеткізді.

Жастайынан спортты жанына серік еткен Санжар туралы анасы Анар Қабаева әңгімелеп берді:

-Санжар мектеп жасынан бастап спортқа бейім болды, әсіресе шаңғы тебуге өте қызығатын. Спорттың бұл түріне қызығушылығын тудырған нағашы ағасы Елтай Назарханов болды. Алғашқы шаңғыны да сатып әперіп, осы спорттың қыр-сырына үйреткен жаттықтырушысы да болды. Сондай-ақ Санжар мектепті бітіріп кетсе де, шаңғы тебуді тастаған емес. Ол 1 курстан бастап, Астана қаласында өткен барлық шаңғы жарыстарына қатысып, жүлделі орынды иеленіп келеді. Алматы қаласында өткен Ұлттық қысқы Универсиадаға қатысты. 2016 жылы спорт шеберлігіне үміткер болды, - деді.

Қазіргі таңда, Санжар жерлесіміз 6-13 наурыз аралығында өтетін Қазақстан чемпионатына дайындық үстінде. Бұл жарыс оның спорт әлеміндегі ең алғашқы қадамы болмақ. Сол қадамы сәтті болып, ауданымыздың атағын барша әлемге паш етіп жүрген Санжардың алдағы уақыттарда да  спорт әлемінде аудан абыройын асқақтатып, жеңісімен қуантарына бек сенімдіміз.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 25 26
27 28          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз