Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудандық Мәдениет үйінде Көкпекті жастар орталығының ұйымдастыруымен «Жайдарман» жұлдыздары «Аягөз құрамасы» гастрольдік сапармен келіп, концерт қойды.
Көкпектіліктердің көңілінен шығып, көрер-мендерін ыстық ықыласына бөлеген «Аягөз құрамасымен» бірге «Әзіл әлемі» театрының мүшесі Мейіржан Алтыбаев та болды. Алдымен команда өнер көрсетіп, соңында әзіл әңгімелер мен әндерін ұсынды. Көтерген тақырыптары ішінде достық пен сүйіспеншілік тақырыбындағы тәрбиелік мәні бар әзілдер ұтымды шықты.


«Еліміздің біраз қаласын аралап келеміз. Көп қызықты әзілдер дайындадық. Біздің мақ-сатымыз халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. Құрылғанымызға бірнеше жыл болған біздің команда екі-үш жылдан бері жоғары лигада өнер көрсетіп келеді. Аягөз құрамасының 2009 жылы жайдарманда бастаған жолы 2016 жылы сәтті аяқталды. Себебі, біз Республикалық жоғарғы лигада чемпион атағын жеңіп алдық. Қазір топта 10 адам бар. Біз гастрольдік сапарға 10 ақпаннан бастап Бесқарағай, Қалбатау, Жарма, Ақсуат аудандарында болып келеміз. Бүгін күндіз Тассай ауылында болдық. Ойын соңында кешті ұйымдастырып, қонақжайлық танытқан жандарға алғысымыз шексіз», деді Асқар Тоқтарханов.
Ал көкпектілік жастар болса, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын жайдармандық жігіттермен ес-телік суреттерге түсіп, қонақтардың өнеріне ризашылықпен тарқасты.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
21 22 23 24 25 26
27 28          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз