Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 7 ақпанында Көкпекті ауылы Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектепте жасөспірімдер арасында үстел теннисінен жарыс өткізілді. Жарысқа «Октябрь мектеп-балабақша кешені», «Абай атындағы мектеп-балабақша кешені» (Үлгілімалшы), «Үлкенбөкен мектеп-балабақша кешені», Көкпекті орта мектебі, М.Әуэзов атындағы орта мектеп, Көкжайық орта мектебі, Маяковский атындағы негізгі мектеп, Куйбышев атындағы негізгі мектеп, Палатцы негізгі мектебі, Абай атындағы орта мектеп (Бастаушы), Жансүгіров атындағы орта мектебі, Амангельді орта мектебі (Көкжыра) Преображенка орта мектебі, Романовка негізгі мектебі, Болғанбаев атындағы орта мектеп, Самар №1 орта мектебі, Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектеп және Амангельді атындағы орта мектептерінен (Мамай) 2000-2003, 2004 және кіші жылы туған жасөспірімдер, барлығы 18 мектептен 82 оқушы қатысты.


Жарыс қорытындысы бойынша 2000-2003 жылы туған жасөспірімдер арасында І-орынға Естай Туркестанов (Амангельді ом), Ева Нечаева (Самар №1 ом), ІІ-орынға Заңғар Нұрланұлы (Көкпекті ом), Арай Терликпаева (Куйбышев атындағы нм), ІІІ-орынға Рустем Аринов (Ж.Шайжүнісов атындағы ом), Дильмира Дюсембаева (Куйбышев атындағы нм) ие болды. 2004 жылы туған және одан да кіші жастағы теннисшілер арасында І-орынға Дарын Кеңесханов (Көкпекті ом), Мөлдір Болатова (Болғанбаев атындағы ом), ІІ-орынға Едіге Туркестанов (Амангелді ом), Әсел Абылайханова (Болғанбаев атындағы ом), ІІІ-орынға Айдос Жұмағазин (Преображенка ом), Рината Дюсембаева (Куйбышев атындағы нм) қол жеткізді.
Сондай-ақ, іс-қимылдың ширақтығы дене бітімінің сұлулығына қалыптастыратын бұл спорт түрінен ұлдар арасында абсолюттік чемпион атағын Көкпекті орта мектебінің теннисшісі Дарын Кеңесқанов жеңіп алды. Аталмыш жарысқа демеушілік жасаған Ауған соғысы ардагері Ерлан Жұмажановқа қатысушылардың алғысы шексіз.
Жас теннисшілерге жеңістеріңіз құтты болсын, аудан спортын дамытуда қосар үлестеріңіз көп болсын демекпіз.

Аудандық білім беру, дене шынықтыру және
спорт бөлімінің мәліметі бойынша

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
21 22 23 24 25 26
27 28          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз