Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өткен жұмада аудан орталығындағы ауласынан бақытты балдырғандардың былдыр үні мен шаттыққа толы күлкісі бір тынбайтын «Шуақты шұғыла» балабақшасында Тілдер мерекесіне арналған ертеңгілік болып өтті. Іші-сырты көріктілігімен көз тартып тұрған құтты ұяға кіргенімізде екінші қабаттағы акт залы сахнасында 3-4 жас арасындағы кіп-кішкентай періште сынды нәзік үнді бал тілді бөбектер хормен «Астана» әнін әуелетіп тұрды. Жас ерекшеліктеріне қарай әр түсті бантиктер және галстуктар таққан тәп-тәтті балапандардың алаңсыз да қамсыз бақытты жүздерін көрудің өзі бір ғанибет еді.


«Ана тілім – дана тілім» тақырыбындағы са-йысты ұйымдастырушы топ тәрбиешілері Риза Бекова мен Элмира Таныспаева ертеңгіліктің өткізілу тәртібі мен әділқазылар алқасы құрамын жариялағаннан кейін, баршамыздың бойымызда Қазақстан рухын оятқан мемлекеттік Әнұран орындалды. Ертеңгілік барысында 3 жастағы және 4 жастағы сайыскерлер бірінші «Ана тілім – қазақ тілім» кезеңінде тіл мәртебесі, тілді сүю, тілді қорғау, оны құрметтеу, ана тілін тыңдау арқылы үлгі-өнеге алу жайында тәрбиешілері жаттатқан тақпақтарын мүдірместен айтып берді. Ал, екінші «Төл тәуелсіздігімізге – 25 жыл» кезе-ңіндегі мерекеге арнаған «Таңғы тілектері» 4 жастағы Темірлан Болатбеков айтқан «Қайырлы таң, Көкпекті, Қайырлы таң, көк аспан! Елімді аман қыла гөр, Ынтымағы жарасқан! – деген өлең жолдарымен тәмамдалды. «Ана тіл – арым аманат» тақырыбындағы үшінші кезеңде 3 жастағы балақандар өлең жолдарын оқып берді.
Ертеңгілікке балапандарының өнерін тама-шалауға келген ата-аналар мәз-мейрам болды. Кішкентай ғана сахна кейіпкерлеріне қол шапалақ арқылы қолдау білдірген олар, бөбектерінің бал тілі мен тәтті қылықтарын қызықтаумен шексіз қуанышқа бөленгені рас.
Әділқазылар алқасының шешімімен 3 жастағы сайыскерлер арасынан бас жүлдеге Балауса Бүркітті, 1 орынға Жанел Абылғазыны, 2 орынға Зере Ерлікованы лайық деп тапса, 4 жастағылардан Бас жүлдені Айзере Әлдебекова, 1 орынды Әдемі Қапанова, 2 орынға Ерасыл Дәуітхан мен Самира Көшербаева, 3 орынға Сәбина Елеусізова мен Темірлан Болатбеков ие болды. Жеңіскерлермен қоса барлық қатысушылардың естелік ретінде мақтау қағаздарымен марапатталуы бөбектер өміріндегі елеулі оқиға болғаны айдан анық.
Балабақша меңгерушісі Сәуле Бекова ме-рекелік шараның қорытындысында келген қонақ-тарды, ұжым тәрбиешілері мен орта жас «Балапан» тобының бүлдіршіндерін Тілдер күні мере-кесімен құттықтады. Балдырғандардың бүгінгі жетістіктері тәрбиеші мен ата-ана арасындағы тығыз қарым-қатынас пен еңбектің арқасы екенін жеткізді. – Осы қарқынмен жұмыс жүргізілсе, бүлдіршіндер ертең мектепке сақадай сай болып, сайрап тұратын болады. Мемлекеттік тілдің мәртебесін жоғарылататын ұрпақ тәрбиелеп жүр-ген педагогтар, сіздерге табыс тілеймін. Еліміз аман, бауырымыз бүтін болып, ана тіліміз мәңгі жасасын! – деген ізгі тілектерін арнады. Ата-аналар да өз тарапынан құттықтау сөздерін жолдап, тәрбиешілерге алғыс айтты.
Бүгінгідей тәрбиелік мәні зор маңызды шаралар өз деңгейінде үздіксіз жүргізілсе, оның нәтижесін көрер уақыт та алыс емес деген ой түйіп қайттық.


Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз