Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ұлы Отан соғысы аяқталып, арада қаншама жылдар зымырап өткенмен, оның салған жарасы талай жүрекке түскен дақ боп қалды. Балғын балалық шақтары осынау зұлмат жылдармен тұспа-тұс келген жандар қаншама. Бірі қару көтеріп соғысқа аттанса, енді бірі тылдағы еңбекті үлкендермен бірге бөлісті. Ел басына түскен қиын-қыстау шақта тылда қара жұмысқа жегілген жанның бірі – Көкжайық ауылдық округіне қарасты, Қарамойыл ауылының тұрғыны Ақшолақова Кәмила әже.

Кәмилә әжеміздің үйіне барған кезде бізді жылы шыраймен кенже келіні Жаңыл апай қарсы алды. Өкінішке орай, Кәмилә әжеміз сырқаттанып қалғандықтан, апамыз жайлы Жаңыл апай айтып берді. Алған мәліметтерге сүйенсек, 1922 жылы 20 қаңтарда дүние есігін ашқан Кәмилә апаның балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарына тұспа-тұс келіпті. Ел басына қиын қыстау заман орнағанда ол да аянып қалмаған. Қаншалықты адам төзгісіз ауыр жұмыстарды атқарған кейуана ұрпағының ертеңін ойлағаны даусыз. 

 

Тоқсанның бесеуіне аяқ басатын алтын апамыз тартқан азапты күндерін көзге жас ала еске алса да бүгінде көріп отырған қызықтарына мың да бір шүкіршілік етіп, көңілі бір марқаяды. Жастайынан қиыншылыққа мойы-маған Кәмила апа, отағасы Ақ-шолақов Мерсадық ата екеуі 3 баланы дүниеге әкелді. Өкінішке орай, Мерсадық ата 1991 жылы дүниеден озған. Ол Ұлы отан соғысы және еңбек ардагері болған адам.
Қазір Кәмилә әже үш баладан тараған 9 немере және 14 шөберенің ортасында күндей болып шуағын шашып отыр. Ол кісі кенже ұлы Ақан мен келіні Жаңылдың қолында бақытты қарттығын өткізуде.
«Есік алдында төбе болса, ерттеулі тұрған атпен тең. Ауылыңда қарт болса, жазулы хатпен тең», деген нақыл сөз текке айтылмаса керек. Біздің жарқын болашағымыз үшін тағдыр тауқыметін арқалаған жандар қазіргі таңда саусақпен санарлықтай аз қалды. Көнекөз қарияларымызды құрметтеп, сыйлай білейік! Кәріге құрмет, жасқа міндет. Сондықтан да соғыс және тыл ардагерлерін ардақтау – үлкеніміздің де, кішіміздің де парызымыз.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз