Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тамыздың 17-19 күндері Алматы қаласында 2002-2003, 2004-2005, 2006 жылғы жасөспірімдер арасында үстел теннисінен Республикалық дәрежедегі турнир болып өтті. «Шаңыраққа жол» деген атпен өткізілген спорттық додаға Қазақстанның 9 облысынан келген теннисшілер қатысып, мәреге Алматы және Қарағанды қалаларының спортсмендері шықты.

Шығыс Қазақстан облысынан біздің жас теннисші Дарын Кеңесханов қатысты. Ол жақсы ойын көрсетіп қана қоймай, жасөспірімдердің арасында бірінші орынды қанжығасына байлады. Дарын бұл турнирге қатысу үшін, арнайы «Шаңырақ» оқу-жаттықтыру мектебінде жаттықты. Мұнда ол Қазақстан Рес-публикасы Федерациясының білікті теннис жат-тықтырушыларынан арнайы жаңа заманауи техникаларды үйреніп дәріс алды. Аталмыш турнир барысында өнер көрсеткен балалар өздерінің ептіліктері мен көз ілеспес шапшаңдықтарын, шеберліктерін көрсетіп, жанкүйерлерін тәнті етті.

Олардың ішінен біздің Дарын өзін мықты ойыншы ретінде көрсетіп, Көкпекті ауданының мерейін асқақтатты.

Жеңіске жетіп ата-анасының, сыныптастарының үмітін ақтаған Дарынның жарысқа баруға қажетті жол қаражатын ата-анасы өздері көтеріп алды. Сонымен қатар, олар «Әшім-С» ЖҚС Т.Сағатовтың көрсеткен демеушілік көмегі үшін алғыс айтады. Өнерің үстем болсын, Дарын! Спорттағы бағындыратын асуларың биік болсын дегіміз келеді.

Бақыт ҒАББАСҚЫЗЫ 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз