Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудан тарихының жылнамасы іспеттес болған газеттің 80-нің сеңгіріне шыққан мерейтойын атап өту үстінде басылымның өміршеңдігі үшін аянбай тер төгіп, қалам тартқан өз заманының зиялы азаматтарын атамай кету мүмкін емес. Оқырмандарына аудан айнасы жайлы құнды ақпараттар жеткізіп отырған мерекелік басылым көпшілікті газет алғаш жарыққа шыға бастаған уақыттан бергі кездері оның жан-жақты өркендеуіне өлшеусіз үлестерін қосып, қолтаңбаларын қалдырған қызметкерлермен, тілшілермен, редакторлармен қайта қауыштырары сөзсіз. Солардың бірі, тіпті бірегейі бүкіл саналы ғұмырын аудандық газеттің оқырман қауым үшін мазмұнды да мағыналы, рухани азық болуына арнаған жаны жайсаң азамат, марқұм Тұрсын Оразғалиұлы Жабаев болды.

 

КСРО Журналистер Одағының мүшесі, «Ленин туы», «Ленинское знамя» газеті редакциясындағы еңбек жолын жауапты хатшы ретінде бастаған журналистік қабілеті бар талапты жас, 1955 жылдың аяғында редактордың орынбасарлығына тағайындалды. Сауаттылық жоғары бағаланатын сол кезеңде ол 1958 – 63 жылдары Алматыда сырттай оқып, журналистика мамандығын меңгерген. Кейіннен жоғарғы партия мектебін тәмамдап, Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Звезда» газетінің редакторлығына тағайындалды. Сол кездегі ауданның елеулі оқиғасына айналған газеттің 50 жылдық тойын өткізу осы кісінің пешенесіне тиді. Көптеген қаламы қарымды қаламгерлер армиясын журналистикалық өмірге қанаттандырып ұшырған, шеберлікті ұштайтын ұстаханаға айналған, зиялы азаматтарды тәрбиелеудің алтын бесігі болған редакцияның жұмыс қазанында қайнаудың өзі бір ғанибет болатын.

Сол жылдары Тұрсын Жабаев өлең сөздің шебері, айтыскер ақын, редакцияның бар жүгін қайыспай көтере білген қара нары Қалиқан Алтынбаев, қарымды жазушы, көптеген кітаптардың авторы Нәкен Серікбаев сынды дарабоздармен, тағы басқа да талантты қаламгерлермен қызметтес болуының өзі оған тартқан тағдырдың сыйы болған шығар. Қаншалықты қиын, әрі жа-уапты газет шығару ісінде ұжым басқару, еңбектің қыр-сырын ұғу барысында өмірлік ұстазы болған, редакторлық қызмет атқарған атпал азамат Мұрат Қалматаевтың өнегесі Тұрсын Оразғалиұлының басты ұстанымы болды.

Еркек затының бойындағы білімін, қабілетін молынан көрсетуі, қиындықта қолдап, қасынан табылатын, отбасына шуағын төге білетін жарының жақсылығына тікелей байланысты екені белгілі ғой. Ендеше, Тұрсын ағаның қосағы, бақытты шаңырақ астында татулықта өмір сүріп, 3 ұл 1 қыз сүйгізген Қайша Әбілмәжинқызы отағасы туралы естелігінде не айтатынын білейік. «Түкең отбасында да, ұжым ортасында да өте байсалды, сыпайы кісіге қол ұшын беруге әзір тұратын, әзіл-қалжыңы жарасқан, жан-жағына ізгіліктің шуағын шашып тұратын адам еді. Кейбіреулер сияқты зіркілдеп, жер-жебіріңе жетіп ұрыспайтын, салмақты, үлкен жүректі жан болатын», - дейді бүгінде Семейде немере-шөберелердің қызығына бөленген Қайша әжей. Көкпекті ауылында тұратын ұлы Талғат әке туралы естелігінде, оның отбасында мейірімді әке, сүйікті жар, ал жұмыста ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, адамдарман қарым-қатынаста кішіпейіл болғанын және газет бетіне үнемі аудан өмірінің сан түрлі тақырыптарына қалам тербегенін, әрдайым тілшілердің жазғандарын түйіндеп отыратын шығармашыл тұлға болғанын айтады. – Әкемнің сүйікті істерінің бірі - орыс классиктерінің шығармаларын аударма жасайтын. Сондай-ақ, ол ұлы Абайдың әндерін ыңылдап айтып жүргенді ұнататын. Әсіресе, «Айттым сәлем Қаламқасты» үйде бос уақытында әндетіп жүруші еді, - дейді Талғат Тұрсынұлы асыл әкеге деген сағынышын жасыра алмай.

Иә, біздің газетте осындай нар тұлғалардың қолтаңбасы қалған еді. Сол кісілердің еңбегі бүгінде 80 жылдық тарихы бар басылымның іргесінің нық болуына септігін тигізді.

Торқалы тойың  құтты болсын, оқырманының асыға күтетін хабаршысы!

Бақыт ҒАББАСҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз