Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Таяуда Көкпекті ауылының құрметті ақсақалы, тыл еңбеккері, ақын Жәлел Малғаждаровтың «Арнаймын бір сөз, халқыма...» атты өлеңдер жинағы жарыққа шықты.

Жәлел ата көп жылдар мал бағып, бақташы, шопан болған. Еңбек адамы-ның қарапайым тілі-мен өрілген ойлары көпшілікке арналып жазылған екен. Аталған кітаптың алғы сөзін Қазақстан Жазушылар Одағы ШҚО филиалының төрағасы Нұржан Қуантайұлы жазған.

 

– Жәлел Малғаждаровтың өлеңдері баспа бетінде алғаш рет жарық көріп отыр. Бұл жинаққа ақын жанды адамның туған жер, Отан, ерлік, даналық, Отбасы сынды тақырыпта жазған ой толғаулары енгізілген. Халық ауыз әдебиетімен үндестік, шығармалардың бірыңғай шұбыртпалы ұйқаспен жазылуы, қазақтың құлағына сіңісті болып кеткен фольклорлық оралымдарды өз қиялынша әрі қарай дамыту бұл – Жәлел Малғаждаров шығармашылығының басты ерекшелігі, – дейді Нұржан Қуантайұлы.

Сонымен қатар аталған кітаптың баспадан шығуына Арайлым Миратқызы мен Қайрат Малғаждаровтың сіңірген еңбектерін атап өтпеске болмас. Кітапқа басылатын ақын өлеңдерін электронды нұсқада Арайлым Игембаева теріп, оны Қайрат Малғаждаров өңдеп, тақырыптарын құрастырып, редакциялаған.

Сөйтіп, аудан кітапханаларының сөресі тағы бір кітаппен толықты. Жерлес ақынымыздың жүрек толғанысынан шыққан өлеңдерін оқи жүрейік, ағайын!

Жанерке АБЫЛХАН

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз