Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Халықаралық балаларды қорғау күні – ең көне мерекелердің бірі. Оны өткізу туралы шешім 1925 жылы Женевада өткен балалардың әл-ауқаты жөніндегі дүниежүзілік конференцияда қабылданды.

 

Балалар - біздің ең құнды қазынамыз, сондықтан оларға қамқорлық жасап, олардың өмірін мүмкіндігінше жақсы ету керек. Өйткені, баланың шат күлкісі мен оның бақытты көздері әлемдегі ең үлкен байлық шығар.
Ағымдағы жылдың 1 маусымында қалыптасқан дәстүр бойынша кәсіподақ комитеті мен салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің ұйымдастыруымен Көкпекті аудандық ауруханасы қызметкерлерінің балаларына көңілді мереке ұйымдастырылды. Іс-шараның ұраны «Дені сау балалық – ең жақсы балалық шақ» ұраны болды.
Балаларға арналған мульт-фильмдердің кейіпкерлері – Микки Маус пен Тедди мереке иелерін ойнатып, көңілдерін көтерді. Көңілді сайыстар, ойындар, әндер, билер, спорттық эстафеталар ұйымдастырылып, тәттілер таратылды.
Ұзын плакатқа балалар денсаулықты, бақыт пен амандықты бейнелейтін үлкен сурет салды. Ал, ата-аналар үшін СӨС кабинеті вакцинация мен отбасын жоспарлаудың артықшылықтары туралы кеңестер берді.
Күн көңілді және қызыққа толы өтті. Іс-шараның барлық қатысушылары, оның ішінде ата-аналар да сергіп, керемет көтеріңкі көңіл күймен тарасты.
Балаларды қорғау күні-бұл балалардың өздері үшін көңілді мереке ғана емес, бұл қоғамға барлық балалардың бақытты болып өсуі, оқуы, сүйікті ісімен айналысуы және болашақта өз елінің керемет ата-аналары мен азаматтары болуы үшін баланың құқықтарын қорғау қажеттілігін еске салады.

Е.И. Сорокина,
«Көкпекті аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК баспасөз
хатшысы, эпидемиолог дәрігері

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз