Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

1 қараша күні ауданымызда денсаулықты дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында жылжымалы медициналық кешен әкелінді. Бұл кешен облыстың шалғай аудандарындағы ауыл тұрғындарын тексеруге бағытталған.
Жылжымалы медициналық кешен туралы ШЖҚ КМК Көкпекті аудандық ауруханасының баспасөз хатшысы, дәрігер-эпидемиолог Е.И. Сорокина егжей-тегжейлі айтып берді. Жылжымалы медициналық кешен - ең заманауи жабдықтармен: гинекологиялық тексеру аймағы, рентген және флюорография бөлімі, жалпы қабылдау, жалпы практика дәрігері кабинеті, зертханалық диаг-ностика, функционалдық диагностика аймағымен (УДЗ, ЭКГ) жабдықталған. Аталған кешен Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» зауытында өндірілген.


Рентген және флюорография бөлімі радиациялық қорғаныс тұрғысынан толығымен қауіпсіз, өйткені олардың басқа аймақтар арасында арнайы қорғаныс қабаты бар. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға ыңғайлы болу үшін арнайы пандус-көтергіш бар.
- Мұндай кешеннің болуы халыққа медициналық қызмет көрсету деңгейін жақсартады. Аудан орталығына бармай-ақ скринингтен өтуге болады. Кешенде науқастардың көру, есту органдарының ауруларын тексеруге арналған автоматты аппарат бар. Сондай-ақ, портативті анализаторларда қандағы қант пен холестерин деңгейін анықтауға болады. Онда гематологиялық анализатор, УДЗ аппараттары қамтылған. Бір күнде ЖМК – да 50-60 адам тексеріле алады», - деді Көкпекті аудандық ауруханасының бас дәрігері Әсем Төлеуғазықызы Рахымбаева.
Бұл кешен – медициналық жабдықтармен, жиһазбен және барлық ілеспе емдеу құрал-саймандарымен толық жиынтықталған заманауи медицинаның жаңа деңгейі. Мұндай мамандандырылған фургондар стационарлық медициналық мекемелері жоқ жерлерде қолданылады. Ал халықтың білікті медициналық көмекке мұқтаждығы өте жоғары.
Жылжымалы платформадағы медициналық кешеннің артықшылықтары:
- Диагностика, жедел медициналық тексеру және спорттық іс-шараларға қызмет көрсету мақсатында профилактикалық тексерулер жүргізуге болады.
- Амбулатория ғимараты үшін құрылыс жұмыстарын жүргізуді, қаражат жұмсауды қажет етпейді. Мобильді медициналық клиника аз уақытқа немесе бір жылға да орнатылуы мүмкін, ал оны пайдалануға жұмсалатын шығындар бүкіл ғимаратты ұстауға қарағанда әлдеқайда арзанға шығады.
- ЖМК пайдалану арқылы ауданымыздың шалғай өңірлеріндегі тұрғындарды уақтылы диагностикалау және емдеуді жүзеге асыруға болады. Заманауи медициналық жабдықтардың болуы қызметтің кең спектрін ұсынуға мүмкіндік береді.
- Ыңғайлы баспалдақпен жабдықталған, ол қозғалыс кезінде тазаланады, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған пандус-көтергіш бар. Барлық ішкі коммуникациялар белсенді пайдалануды қамтамасыз етеді.
- Рентген жабдықтарымен жабдықталған ЖМК қабырғалары (фургонды дайындағаннан кейін) кешеннің айналасындағы радиациялық өрісті төмендететін радиожиілік торымен аяқталады. Әрбір жылжымалы кешенге өрт қауіпсіздігі жүйесі және жақын жердегі стационарлармен тәулік бойы радиобайланыс орнатылады.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз