Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

9-10 наурыз аралығында Семей қаласында NOMAD MMA стилінен өткен жасөспірімдер арасындағы Шығыс Қазақстан облыстық чемпионатына Көкпекті орта мектебінің спортшылары қатысып, облыстың түкпір-түкпірінен мықтыларды жинаған дүбірлі додадан жүлдемен оралды.
Шаршы алаңда көз ілеспес шапшаңдықпен қимылдайтын көкпектілік аралас жекпе-жек шеберлері облыс аймақтарынан келген жас спортшылармен жұдырық түйістірген бәсекеде жасындай жарқылдады.
Атап айтсақ, І орынды Ирак Аманжолов, Бекзат Қайырханов, Ерасыл Слямбеков, Ердан Орымбеков, Ельдар Ермеков, Данияр Галиев, Ілияс Кеңесбеков, ал ІІ орынды Диас Алтаев, Ілияс Қыдырханов, ІІІ орынды Ербек Орымбеков жеңіп алды.


Ауданымыздың намысын ту ғып ұстап жүрген жас спортшыларымыз тағы да жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл жерде, республика, облыс, аудан, спортының дамуына көп жылдар бойы қомақты үлесін қосып жүрген, алдынан көптеп саналатын мықты-мықты спортшыларды баулып шығарған NOMAD MMA стилі спортының шебері, табанды жаттықтырушы Руслан Жүнісовтың ерен еңбегін атап кеткен артық болмас деген ойдамын.
Ұлттың ұлылығын жер-жаһанға танытуды мақсат тұтқан осындай өр рухты жеткіншектер барда қазақ спортының тұғыры биік, еңсесі тік боларына сеніміміз мол.

КЛАРА ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз