Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 10 наурызында Астана қаласының 20 жылдығына орай, Шұғылбай ауылының тумасы, спорт ардагері Сазанбай Қожахметұлын еске алуға арналған баскетболдан аудандық турнир өтті. Турнирге Көкжота, Көкпекті аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы, Ж.Шайжүнісов орта мектебі, Бастаушы және Шұғылбай ауылының командалары қатысты.
Жарыстың ашылу салтанатында ауыл әкімі Қ.Алғазинов және Сазанбай Қожахметұлының інісі Төлеген Нұрғазыұлы құттықтау сөз сөйлеп қатысушыларға сәттілік тіледі. Тартымды өткен жарыста І орын Шұғылбай командасы, ІІ орын Көкжота жастары жеңіп алса, ІІІ орын Көкпекті аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының командасы иеленді. Жарыс соңында спорт ардагерінің ұлы Айдын Сазанбайұлы жеңімпаз командаларды кубок, мадақтама және ақшалай сыйлықтармен марапаттады.

Сонымен қатар, ойын барысында «Үздік ойыншы» атағын иеленген халыққа қызмет көрсету орталығының команда ойыншысы Ерік Табиғатовқа, ардагер ағамыздың сыныптасы ауыл тұрғыны Дәметкен апамыз өз сыйапа-тын көрсетті. Ал, округтегі «Қажымұқан» ШҚ басшысы Жәлел Байназаров шұғылбай командасының ойыншысы, ауылдың белсенді жастардың бірі Қайрат Тілеужановқа «көрермен көзайымы» дегендей ақшалай сыйлық жасады. Ерікке ақшалай сыйлық, мадақтама, кубок табысталды. Спорт ардагерін еске алу турниріне арнайы келген жарыс қонақтары Бақыт Құнанбаев пен Айдын Сазанбайұлы мектепке ойын доптарын тарту етті.


Д.Мұсағазинов, жастар саясаты маманы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз