Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қайырымдылық – қазақ халқының ең ізгі де асыл қасиеттерінің бірі. Мүмкіндігі шектеулі қамқорлыққа алынған балаларға аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу әрбір адамның азаматтық парызы. 

Осындай тағылымдық мәні зор іс шара Ж.Шәйжүнісов атындағы орта мектебінде өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Л.А.Сәрсенбаеваның ұйымдастырумен болып өтті. Сонымен қатар Ж.Шәйжүнісов атындағы орта мектебі ресурстық орталық болып бекілгенін айтып өткенді жөн санадық. Ризашылық пен мейірімділік мерекесін «Бөбек» қайырымдылық қорының президенті Сара Назарбаеваның бастамасымен өткізу дәстүрге айналған. Өзін-өзі тану кабинетінде өткен «Мейірім шуағы» атты іс-шарасы осының айғағы. Аталмыш акцияға аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері С.Қойшығұлова, балалар өнер мектебінің ұжымы, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының мамандары жеке кәсіпкерлер қатысты.
Әсем безендірілген бөлме, сазды әуен, залдағы жүректері мейірім мен сүйіспеншілікке толы қамқорлық акциясының бүгінгі қонақтары мүмкіндігі шектеулі жандарды құшақ жая қарсы алды. Келесі кезекте балалар шаттық шеңбері арқылы бір-бірімен танысып, жақсы тілектерін білдірді. Ал ресурстық орталықтың дефектолог маманы Ә.Калимуллина «Жүректен-жүрекке» атты психологиялық дайындық жаттығуын өткізді. Балалар қолдарын жүрек тұсына қойып, мейірімге, сүйіспеншілікке толы жылы сезімдерімен бөлісті. Іс-шара барысында өнер мектебінің педагог-ұйымдастырушысы Д.Ахметжанованың жетекшілімен жас өнерпаздардың концерттік бағдарламасы ұсынылды. Жасмин Бақытбекова «Ата-әже» әнімен, Бекзат Талғатбекұлы «Қос бәйтерек», Әлібекқызы Еркежан «Әке толғауы» күйі, Жансая Мәметова «Астана» әні және ұлдар триосы Олжас Сүлейменов, Данияр Оразханов, Ернұр Қайырлының орындауындағы «Туған ел» әні қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Бұл күні қайырымдылық іс-шарасына келіп, көмек қолын созған жандар да аз болған жоқ. Жеке кәсіпкер В.Виничук, Б.Мүрсәлімова мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап әкелген сыйлықтарын табыстады.
Қайырымды азаматтардың барлығына аталған іс-шараның басы-қасында болып, бала көңіліне қуаныш, шаттық ,жүздеріне күлкі сыйлай білген жаны жайсаң жандарға мектеп директоры Қ.Жүніспековтің алғысы зор. Мереке соңында сазды әуен толқынында жылулық пен қуанышты қарым-қатынаста балалар Ризашылық күнінен алған әсерлерімен бөлісті.
Дүниеде сәбидің шат күлкісіне жететін ештеңе жоқ. Өмірдің мәні де, сәні де баланың бақытымен өлшенетіні осында.

ШОЛПАН АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
27 28        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз