Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ақпан айының 3 күні Көкпекті ауданында ұзақ жылдар дәрігер болып, адал қызмет көрсеткен жерлесіміз Жұлдыз Слямбекқызы Юсупованы еске түсіруге арналған волейбол ойынынан турнир өткізілді. Ақ халатты абзал жанға арналған еске алу турнирінің ашылу рәсіміне тума-туыстарымен қатар, дос-тары, қызметтестері өзі білім алған мектебінің ұжымы, жалпы алтын қолды дәрігерді танитын игі жақсылар түгел жиналды.
Турнир өткізуге мұрындық болған, көмек көрсеткен аудандық аурухана басшылығы және Көкпекті орта мектебінің ұжымы, достары болды. Жұлдыз білікті дәрігер еді. Оның айтылған сөзге мән беруі, орынды қалжыңы, әдемі әзілі және жүріс-тұрысы әрбір науқастың бойында өмірге деген құштарлық, сенімділік тудыратын. Ол күнделікті өмірде ағайын-туыс арасында сыйлы, үнемі жақындарының қасынан табылатын, ақыл-кеңесін, көмегін аямайтын абзал жан еді.


Шараның шымылдырығын ашқан Көкпекті орта мектептің директоры Аслан Танысбаев, Жұлдыздың әкесі Слямбек Насырбайұлы, әріптестері Махат Ғабдуллин, Әсем Рахымбаева, Гүлназ Слямбековалар көңіл толқытарлық сөздерімен көпшіліктің көзіне жас алдырып, Жұлдызға деген сағынышы мен қимастық сезімін қайта оятқандай әсер қалдырды.
Көкпекті ауданы орталық ауруханасының ұжымы және Көкпекті орта мектебінің мұғалімдері үлкен көмек көрсетіп, турнирдің жақсы өтуіне үлес қосты. Турнирге барлығы 12 команда қатысты. Теңбіл допты аспанға әуелеткен волейболшылардың тартысты ойындарын тамашалағандар көп болды. Нәтижесінде І-орынды Көкпекті ауданы қазынашылық бөлімі жеңіп алса. ІІ-орынды спорт саласы ардагерлері командасы, ІІІ-орынды аудандық аурухана ұжымы бөлісті. Турнир жеңімпаздары арнайы дипломмен марапатталды. Турнир барысында марқұмның рухына арнап ас берілді, құран бағышталды.
Осылайша, спорт сүйер қауымды бір серпілтіп, болашақ спортшылардың арман-мақсаттарына қанат бітіруге сүбелі үлес қосқан турнир жоғары дәрежеде ұйымдастырылып, жарысқа қатысушылар жақсы көңіл-күймен тарқасты.

КЛАРА ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз