Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Кәрі құдаң — қыс келіп әлек салды» деп Абай жырлағандай, биылғы қытымыр қыстың әуресі мен азабы аз болып тұрған жоқ. Қазір қыстың нағыз күшіне енетін кезеңі өтіп жатыр. Қыстың қаңтар, ақпан айлары бұрқасынды, боранды болып келеді. Қарлы боран қатты аязбен қабаттасса аса қиын жағдай туындайды. Ауа-райының аяқ астынан құбылуы таң қалдыратын жағдай емес. Қоңыр күздің жылы күндерін көзден аяқ асты бұлбұл ұшырған таяудағы аязды күндер елдің есін әбден алды. Осы орайда Көкпекті орталық аудандық аурухананың дәрігер-реаниматолог, анезтезиолог және реанимация бөлімінің меңгерушісі Сәбит Жолдасбекұлы Жалбағаевты сөзге тартқан едік.
– Кейбір адамдар күн суытса болды берекесі қашып, тоңғақ келеді. Оның себебі неде?
– Мұны «суықтық аллергия» деп атайды. Сәл тоңа бастаса мұрны бітіп, түшкіріп, көзінен жас ағып, денесіне бөртпе-қызамық шығып, тіпті «Квинке іркілі» де пайда болады. Ұзақ уақыт суық жел өтінде қалған адам – өмірге қауіпті, анафилактикалық шокқа ұшырауы да мүмкін. «Суықтық аллергия» дегенімізді – иммундық жүйенің суыққа қарсы жасаған беталбаты әрекеті деп түсінген жөн. Егер иммунологтың көмегіне дер кезінде жүгінер болса, бұл дерттен де айығуға әбден болады. Сонымен қатар қысқы кезде ауада азот қос тотығы, автомобиль мен пештен шығатын түтіндер ұлғая түседі. Осыған байланысты суық және лас ауадан сақтандыру үшін аллергиктер мен астматиктерге арнайы термомаскалар ойлап тапты.


– Қыстың тағы бір зауалы – үсіп қалу. Сондай-ақ, қыс кезіндегі қауіп қатерден сақтану жолдарына тоқталып өтсеңіз.
- Өте суық, желді күні қатты тоңуға жол бермеңіз, денеңіздің тоңып, жаны кете бастаған жерлерін уқалап, қимылдатып отырыңыз, айналадағы адамдардың бет-әлпеттерінің, құлақтарының, мұрындарының, иектерінің, жақтарының өзгеруін байқаңыз. Кенет құлақтың, мұрынның ұшы және т.б. ағаруы кезінде зақымданған жерді ысқылап, үсіктің алдын алыңыз.
- Аяқ киім тар болмағаны дұрыс, жүн шұлықты жалаң аяққа киіп, сыртынан басқа шұлық кисе жылуды жақсы сақтайды;
- Ауа-райы бұзылып тұрса, таныс емес жерде жолға шықпаған жөн;
- Боранды күні ауыл арасында да жалғыз жүру қауіпті;
- Боранды күні ең дұрысы жолға шықпау қажет;
- Боранда жаяу жүріп жетем деген бекершілік. Егер жаяу шығып боранға кезіксеңіз, алысқа ұзап кетпей кері қайту қажет. Ерте ме, кеш пе сіз шаршайсыз, жолдан адасасыз, содан соң демалуға отырған кезіңізде үсікке ұшырайсыз.
- Тікелей қар ішінде ықтайтын жер жасап, жылу жинайтын көрпешеге денелеріңізді барынша бір-біріңізге жақындатып тығыздала отырыңыз. Қар ішінде жасалған баспанаға отырудың алдында айналаға қарап, қай жерде орналасқаныңызды және жақын маңда қандай елді мекен бар екендігін барлап, ықтаған жерлеріңізге көрінетін белгі қойыңыздар. Баспананың төбесінен ауа кіретін желдеткіш тесігін ашыңыз (адам басына), үздіксіз қар жауған жағдайда, оны уақытылы тазалап тұрыңыздар. Сол баспананың ішінде отырып 2-3 сағат демалудың өзі адамның бойын жылытып, күш жинауға мүмкіндік береді.
- Ұйықтамауға тырысыңыз, аса қажеттілік болмаса баспанадан шықпаңыз.
Әрбір адам төтенше жағдай кезіндегі өз өмірі мен денсаулығын сақтап қалу үшін бар күш-жігерін жинап, осы жоғарыда айтылған қауіпсіздіктің қарапайым шараларын естен шығармаған абзал.
– Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңізге көп рақ-мет!

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз