Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан Республикасындағы «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру барысында жыл сайын күзде «Денсаулық күні» өткізіледі. Бұл кең ауқымдағы шара «Саламатты өмір салтын қолдайық!», - деген ұранмен өтті.

Самар ауылындағы орталық спорт алаңында 5 қыркүйек күні, көңілді әуен ойнап тұрды. Стадионның жүгіру алаңында ауданаралық аурухананың, медико-әлеуметтік мекеменің қызметшілері, аграрлық–техникалық колледждің қызметкерлері мен студенттері, Ж.Болғанбаев атындағы, №1 Самар орта мектебінің, «Дәншік» балалар бақшасының және басқа да мекемелердің ұжымдары дайындалып жатты. Осы жерде спортшылардың қауіпсіздігін ауданаралық аурухананың «жедел жәрдем» тобы қамтамасыз етті.

 

Спорттық мерекеге қатысушыларды Самар ауылдық округінің әкімі С.Дюсюпов, ЖБСМ директоры Е.Нұхаев, спорт ардагері Б.Исаев, жас маман М.Үмітбаева құттықтап, сәттілік тіледі. Сөз алғандар спорт пен дене шынықтырудың адамның өмірінде алар орны жоғары екенін атап өтті. Спортпен шұғылдану жастар тәрбиесінде жағымсыз әдеттермен күресуде айрықша алдыңғы орында тұрады.

Спорттық шаралар баскетбол, жеңіл атлетика, ерлер мен әйелдер арасында 400 м, 800 м, 2000 метр қашықтықта жүгіру, оқушылар арасында футбол, веложарыс және Ж.Болғанбаев атындағы орта мектептің оқушылары арасындағы скейтбордпен сырғанаудан өтті.

Ата-аналардың қатысуымен отбасылық көңілді старттар ұйымдас-тырылып, оған екі отбасы қатысты. Олар 1 сыныптанТайыр Қартаев пен үшінші сынып оқушысы Мөлдір Болатованың отбасы.

Жеңіл атлетика түрінде жүгіру алдыңғы орында. Бұл жарыста самарлық А.Устиновтан асқан жүйрік болмады.

Жасы 50-ден жоғары ерлер мен әйелдер қатысқан жарыс өте қызықты болып, көрермен мен жанкүйерді көп жинады. Шау тартып қалса да спортты жанына серік еткен адамдар бұл жерде де қарап қалмады. МӘМ қызметшілері К.Жемтікова, Г.Еңсебаева, О.Дронова әйелдер арасында жақсы көрсеткішке жетсе, ерлер арасында спорт ардагері М.Мәрденов, аграрлық-техникалық колледжден Ж.Мусин, МӘМ-нен Б.Дюсюпов алдына жан салмады.

Самар бастауыш мектебінде шағын «Денсаулық фестивалі» өтті. Оған 17 оқушы қатысты. Түрлі ойындар мен эстафеталар өтіп, оған кем дегенде 84 оқушы қатысып өнер көрсетті.

Денсаулық мерекесін ұйымдастыруда белсенділік танытқан Самар ауылдық округі жастарының өкілі Сауық Ерназарды ерекше атап өту керек.

«Денсаулық күні» фестиваліне 700-ден астам адам қатысты. Жеңімпаздар мен белсене қатысушылар грамоталармен марапатталды. Күнделікті өмірде дене шынықтыру мен спорттың алар орны ерек, сондықтан да салауатты өмір салтын ұстанудан бас тартпай, денсаулықтарыңызды нығайта түсіңіздер!

Н.Күдербаева, СӨС кабинеті медбикесі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз