Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

18 маусым күні Самар ауылының мәдениет үйінде, өз өмірлерін адамгершілігі мол мамандықпен байланыстырған – медицина қызметкерлеріне арналған салтанатты кеш болды. Бұл сала – жауапкершілік пен үлкен күш-жігерді талап ететін қиындыққа толы мамандық.

Мерекелік кештің беташары мәдениет үйінің әншілері Т.Нечаева мен Д.Самаринаның орындауындағы «Нет профессии ближе к Богу» әнімен ашылды. Бұл ән, адам өмірінің қорғаушылары, дәрігерлер мен медбикелердің әнұраны іспеттес.

 

«Медицина – бұл шын мәнінде қателесуге құқылары жоқ жандардың саласы. Медицина қызметкері болатын адамның бойында бірегей мінездер қалыптасуы керек, олар мейірімділік, қайырымдылық, адалдық», - деді өзінің құттықтау сөзінде аудан әкімінің орынбасары К.Смаилова. Бүгінгі күні барлығымыздың аудандағы денсаулық саласының сақшыларына алғыс айтуға мүмкіндіктеріміз бар.

Талай жылғы ерен еңбектері, жоғары кәсіби деңгейлері және емдеу-профилактикалық шараларға қосқан үлесі үшін Самар медика-әлеуметтік мекеме ұжымы аудан әкімінің мадақтау қағазымен марапатталды.

Бағалы сыйлықтар және мадақтама қағаздармен медицина қызметкерлері К.Күшербаева, Б.Мукузинова, Б.Тасылбаевалар және тағы басқалары марапатталды. Сонымен қатар, тұрғындар арасында сауалнама түрінде жүргізілген байқаудың қорытындысы бойынша «Үздік дәрігер», «Үздік медбике», «Үміт жылы», «Үздік ФАП» атақтары болды. Оларға ие болған  С.Жұмажанов, Н.Еділбекова, Е.Байғарамов және Пантелеймоновка ФАП.

Ауданаралық аурухананың бас дәрігері Н.Санқайбаев ұжымына жүрекжарды жылы лебізін арнады. Ол медицина қызметкерлерінің медицина саласына сіңірген еңбектерін атап өтті. «Дәрігерлер - әр емделушінің өмірін сақтап қалу үшін қолдарынан келгеннің барлығын жасауда. Дәрігердің басты қызметтік міндеті – халықпен қарым-қатынас, оларды түсіну, көмек көрсету. Қазіргі таңда аурухана ішінде Отбасы денсаулығы орталығы, екі қарау кабинеті ашылып, қабылдау бөлмесінің фойесінің, стационардың жөндеу жұмыстары басталды. Бұл атқарылып жатқан игі шаралардың бір бөлігі. Оны атап өткенім дұрыс деп есептеймін. Барша медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, мықты денсаулық, бақыт, табыс, және ұзақ ғұмыр тілегім келеді», - деп сөзін аяқтады мекеме басшысы. Кәсіподақ ұйымының төрайымы Индира Байзақова медицина қызметкерлері ортасында өткен спартакиада қатысушыларына марапаттаулар ұсынды. Еңбек ардагерлері Г.Чудновец, Л.Клейн сала мамандарына алғыс-тілектерін білдірді. Мерекелік кештің соңы Мәдениет үйінің эстрада жұлдыздарының концертімен жалғасын тапты.

Қанат АПСАДЫҚОВА

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз