Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Үлкенбөкен ауылында жаңадан салынған дәрігерлік амбулатория ашылды. Жергілікті кәсіпкер Ринат Солтабаев игілікті істі жүзеге асырып, туған ауылына заманауи үлгідегі дәрігерлік амбулатория салып берді.

Жаңа дәрігерлік амбулаторияның ашылуы – ауыл халқы үшін үлкен қуаныш. Медицина ғимараты заманауи үлгідегі жаңа құрылғылармен жабдықталып, ел игілігіне пайдалануға беріліп отыр.


Әлеуметтік нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев қатысып, тұрғындарды жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтады. Аудан басшысы Ділдәбек Тәжібайұлы өз сөзінде жыл басынан бері аудан көлемінде атқаралып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті. Денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерді тарқатып айтып берді. Жаңадан ашылған дәрігерлік амбулатория жергілікті халықтың дертіне шипа табатын құтты орын болсын деп лебізін білдірді.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы денсаулық сақтау ісінің тиімді моделін құру арқылы үш жыл ішінде барлық ауылдық елді мекендерді фельдшерлік-акушерлік пункттермен және дәрігерлік амбулаториялармен қамтамасыз ету қажеттігін айтқан болатын. Өйткені, халық денсаулығы Қазақстанның стратегиялық мақсаттарға жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі. Алдағы уақытта денсаулық сақтау саласының мамандары жаңа ғимаратта жемісті еңбек етеді деген сенімдемін. Үлкенбөкен ауылының азаматы Ринат Солтабаев жерлестеріне тамаша тарту жасап отыр. Өз қаражатына заманауи дәрігерлік амбулатория салып берді. Оған дейін жедел жәрдем көлігін сыйлаған еді. Жомарт жүректі кәсіпкер Ринат Тұрарбекұлына барша халықтың атынан шексіз алғыс айтамын, еңбегі табысты болып, кәсібі өркендей берсін, - деді аудан басшысы Ділдәбек Тәжібайұлы.
Аудан әкімі Көкпекті ауданының дамуына ерекше үлес қосып жүрген меценат Ринат Солтабаевқа «Көкпекті ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін» медалі табысталатынын жария етті. Лайықты марапат «ТАИМ» шаруа қожалығының жетекшісі Зухра Рафикқызына табысталды. Сондай-ақ «ТАИМ» шаруа қожалығының ұжымы аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Медицина саласының ардагері Айман Мұқанова сөз алып, тұрғындардың қажеттілігіне сәйкес жаңа ғимарат салып берген Ринат Солтабаевқа ризашылығын білдіріп, аналық ақ алғысын жаудырды. Ауыл ақсақалы Абайдолла Құнанбаев аталық ақ батасын берді. Салтанатты жағдайда жаңа дәрігерлік амбулаторияның лентасын қию құрметі ардагерлер кеңесінің төрағасы Ануарбек Данабекұлы мен медицина саласының ардагері Айман Мұқановаға берілді.
Үлкенбөкен ауылының тұрғындарына дәрігерлік көмек бұрын ескі ғимаратта көрсетіліп келген болатын. Амбулаторияда 6 медицина қызметкері жұмыс жасайды. Жалпы тәжірибелі дәрігері З.Атиманова, мейірбике А.Күміспаева, фельдшер Ш.Классова, мейірбике А.Еспаева, мейірбике Э.Рамазанова, санитар А.Донская, жұмысшы М.Яцкевич және көлік жүргізушісі К.Шпекпаев тұрғындарға қызмет көрсетеді. Жаңа амбулатория заманауи талапқа сай барлық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Өзінің туып-өскен жерінің көркеюіне бір кісідей ат салысып, яғни туған жерге туын тігіп жүрген Ринат Солтабаев тәрізді жомарт жанды іскер азаматтың өнегелі істері көпке үлгі.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз