Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Президенттік жастар кадр резерві - бұл ел дамуының әртүрлі аспектілерін тиімді басқаруға қабілетті жас мамандарды даярлау және дамыту болып табылатын іріктеу.
Президенттік жастар кадр резервіне қатысу-бұл ҚР жас азаматтары үшін өз үлесін қосып, өзінің кәсіби маңыздылығын арттырудың бірегей мүмкіндігі.

Іріктеуге кімдер қатыса алады: 35 жасқа дейінгі, жоғары білімі және 5 жылдан артық жұмыс өтілі бар ҚР азаматтары, сондай-ақ В1 деңгейіндегі мемлекеттік тілді білетіндігін растайтын сертификат.

 

Тіркеу онлайн форматта 1-30 қыркүйек аралығында pkrezerv.gov.kz сайттында өтеді, сонымен қатар сертификат болмаған жағдайда қазақ тілін білуге арналған базалық тестке қол жеткізе аласыз.

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу процесі бірнеше кезеңнен тұрады: өтініш беру, сұхбаттасу және тестілеуден өту, әр үміткердің жеке және кәсіби қасиеттерін бағалау. Іріктеуден сәтті өткен кандидаттар 3 жыл ішінде басшы лауазымдарға орналасуға мүмкіндік алады.

Маңыздылығы мен мақсаты: сіздің жұмысыңыз Қазақстанның болашағы үшін маңызды екенін біле отырып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ынталы боласыз және сол бағытта қызмет атқарасыз. Сіз дамудың алдыңғы қатарында боласыз және әртүрлі салаларда жаңа шешімдерді қолдануға ықпал етесіз.

Президенттік жастар кадр резерві - бұл Қазақстанның жас азаматтары үшін өз елінің болашағына елеулі үлес қосуға мүмкіндік береді. Бағдарлама кәсіби өсуге жол ашады. Егер сіз өршіл болсаңыз, жұмыс істеуге және өзгерістің бір бөлігі болғыңыз келсе, онда бұл сіздің мүмкіндігіңіз. Оны жіберіп алмаңыз және Қазақстанның өркендеуі үшін жұмыс істейтін жас көшбасшылар қатарына қосылыңыз.

Әділбек Мұқашев, МҚІА Абай облысы бойынша департаментінің басшысы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз