Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

31 шілдеде Көкпекті ауданында "Жасыл ел" бағдарламасы бойынша жастар еңбек жасағының жұмысы басталды. Маусымның ашылу салтанатына аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев келіп, балаларға табыс тіледі.
Бағдарлама оқушыларға, студенттерге және жұмысқа орналаспаған жастарға қаражат табуға мүмкіндік береді. Оның шеңберіндегі жұмыстың негізгі бағыттары аумақтарды жинау және абаттандыру, көгалдандыру, ағаштар мен жасыл желектерді отырғызу болып табылады.


Жастар ресурстық орталығының директоры Әлижан Артықбаевтың айтуынша, әр таң сайын жастар жасағының жауынгерлеріне жиын өтеді, олар белгілі бір тапсырмалар алады, бір күнге жұмысты жоспарлап, қауіпсіздік техникасы бо-йынша нұсқаулықтан өтеді. Жасыл ел сарбаздары толыққанды жұмыс істеу үшін барлық қажетті заттармен қамтамасыз етіледі.
Ағымдағы жылы «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша бір айға 30 квота бөлінді. «Жасыл ел» жасағының жауынгерлері жұмыстарын Көкпекті орта мектебінің жанындағы жастар саябағынан бастады – оның аумағы толығымен тазаланып, шөбі шабылды. Енді олар Ж. Шайжүнісов орта мектебінің жанында орналасқан Құдайберген Нұрғалиев атындағы саябаққа тазалық жасауға аттанды.
- Еңбек жасақтарының қызметі жыл сайын жақсара түсіп, олар өздерін оң нәтижелі сапалы жұмыстарымен көрсетіп келеді. «Жасыл ел» - жастармен жұмыс істеудің өте маңызды құралы. Осы жоба өз ауылына деген сүйіспеншілік сезімін оятып, еңбекпен шынығып ата-анасына қомақты көмек береді, - деп Әлижан Әлімжанұлы өз пікірімен бөлісті.
Естеріңізге сала кетейік, «Жасыл ел» жастар еңбек қозғалысы Қазақстанда тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен басталды. Студенттердің жұмысы экологияны жақсартуға, орман алқаптары мен жасыл желектерді қорғауға ғана емес, жастарды еңбекке тәрбиелеуге де бағытталған. Туған жерге қамқорлық жасау арқылы патриотизм мен азаматтық шыңдауға тәрбиеленеді.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз