Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

25 мамыр күні Үлкенбөкен орта мектебінде дәстүрлі түлектер кездесуі өткізілді. Жарты ғасырлық тарихы бар түлектер кездесуі игілікті шараға ұласты. Бұл күні Үлкенбөкен орта мектебінде түлектер демеушілігімен Абайтану және ағылшын тілі кабинеттері ашылды. Игілікті дәстүрге айналған түлектер кездесуіне аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев қатысты.

Үлкенбөкен мектебінде жыл сайын үзілмей жалғасып келе жатқан түлектер кездесуінің жарты ғасырлы тарихы бар. Биылғы оқу жылы 31 мамырға дейін ұзартылса да кездесу дәстүрге сай 25 мамыр күні өткізілді. Туған жер төсіндегі түлектер кездесуінде 1973, 1978, 1983, 1988, 1993, 1998, 2003, 2008, 2013 және 2018 жылы мектеп бітірген сыныптастар бас қосты.


Мектеп ауласында өткен салтанатты шарада аудан әкімі құттықтау сөз арнап, жүрекжарды лебізін білдірді.
- Отанға деген сүйіспеншілік кіндік қаның тамған жерден, туған өлкеге сүйіспеншіліктен басталады. Туған жерге деген сүйіспеншілік пен қамқорлықтың айрықша үлгісін Үлкенбөкен ауылының түлектері әр жылдары көрсетіп келеді. Түлектердің ұйымдасуымен атқарылған жұмыстарды дәл қазір бірнеше минутта түгендеп шығу мүмкін емес. Ең бастысы, алдыңғы буын ағалар өздерінен кейін жастарға сөзімен емес, нақты ісімен тәрбие беріп келеді. Ағалардың ақылын тыңдап, тәрбиесін көріп өскен жас кейін қалтасында артық бір шегесі болса да ауылының ауласына әкеліп қағуға тырысады,- деді Ділдәбек Тәжібайұлы.
Биылғы жылы Үлкенбөкен мектебінде жаңа бастама, жаңа дәстүр бастауын алды. Ауылдың байырғы тұрғындары, еңбегімен елге сыйлы болған Жылқышиновтар әулеті жаңа бастама көтерді. Жыл сайын Үлкенбөкен мектебінің үздік түлегіне Бақтығали және Гүлсара Жылқышиновтар атында «Ақжол» арнайы сыйақысы тағайындалатын болды. Алғашқы «Ақжол» арнайы сыйақысы 2023 жылғы Үлкенбөкен орта мектебінің түлегі Еркебұлан Қабатаевқа берілді. Астана қаласынан арнайы келген құрметті қонақтар Шолпан Бақтығалиқызы мен Миргүл Бақтығалиқызы табыстады.
Кездесуде 1988 жылы мектеп бітірген түлектер атынан Рысқан Әбішева 10 сыныпта білім алатын дарынды оқушы Жандос Оразғалиевқа ноутбук сыйлады.
- Дәстүрлі түлектер кездесуіне биылғы жылы Ресей, Германия елдерінен және Алматы, Қостанай, Семей, Қарағанды, Өскемен қалаларынан шәкірттер келді. 1993 жылы мектеп бітірген түлектеріміз «Ағылшын тілі» кабинетінің ашылуы-на үлкен үлестерін қосты. 1988 жылғы мектеп бітірген түлектер «Абайтану» кабинетінің ашылуына демеушілік көмек жасады. 2008 және 1998 жылғы түлектер «Әдістемелік» кабинетті толық жабдықтандырды. 2003 жылғы түлектер баста-уыш сынып кабинетіне интерактивті тақта сыйлады. 1975 жылғы түлектер орыс тілі кабинетіне бейнепроектор, кабинетке жалюзи мен ақпараттық қабырға стендтерді әсемдеуге қажетті қаражат тарту етті. Алыс-жақыннан «Алтын ұям - мектебім, туған ауылым» деп, сағына жеткен түлектер саны 100-ден астам. Туған жеріне тағзым етіп жатқан түлектерімізге үлкен алғысымызды білдіріп, ақ жол тілейміз, - деді мектеп директоры Айсұлу Айғалиқызы.
Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев бастаған құрметті қонақтар «Абайтану» және «Ағылшын тілі» кабинеттерінің лентасын қию рәсіміне атсалысты. Түлектер демеушілігімен ашылған оқу кабинеттері соңғы үлгідегі барлық құрал-жабдықтармен қамтылған. Қонақтар назарына оқушылар дайындаған сахналық қойылым ұсынылды.
Үлкеннен осындай қайырымдылық пен мейірімді көріп өскен ұрпақтың өресі төмен болуы мүмкін емес. Мұндай өнегелі іс әрі қарай да жалғасын таба бермек.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз