Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Үлгілімалшы ауылдық округі аудан орталығынан 82 шақырым  қашықтықта орналасқан.  Жер аумағы 129 190 га құрайды.  Округте аула саны 273. Халық саны 1132 адамды құрайды,  оның ішінде экономикалық белсенді халық 608 адам, 16 жасқа дейінгі балалар 275. 2021 жылы  дүниеге 25 сәби келдіп. 

Ауыл шаруашылығы

       Жыл сайын мал басының өсу қарқыны байқалады.  2021 жылдың 1 қаңтарына  8040 бас ірі қара (109,3 пайыз өсім),  қой-ешкі 7859 бас (106,1 пайыз өсім), жылқы 2775 (146 пайыз өсім)  тіркелген. 

 

Округте 57 шаруа қожалық тіркелген. Мал шаруашылығын одан ары дамытуға  9 шаруашылық өтінім беріп, мемлекет тарапынан 46,2 млн.теңге сомада субсидия алып отыр. Округтегі  6 мал бордақылау алаңында 306  бас ірі қара мал, 41 бас жылқы борадақылануда.

Ветеринария саласында 9 маман қызмет көрсетуде. 2021 жылы сарып ауруына   12000 бас ірі қара мал,  12200 ұсақ мал тексеруден өтіп, 220 бас ірі қара мал және 30 бас қой оң нәтиже берді, анықталған малдар арнайы орынға өткізілді. 89 иесіз қаңғып жүрген иттер жойылды.

Салық

Округтегі жер және мүлік салығын төлеушілер саны – 298 адам.

Көлік салығын төлеушілер – 105 адам.

2021 жылға жоспарланған салық түсімдерінің мөлшері 1 млн 366 мың теңге, орындалғаны 2 млн 312 мың теңге.

Білім беру

         Ауылдық округте 2 мектеп оқушыларға білім береді:

-          «Абай атындағы мектеп балабақша кешені» КМК-да оқушылар саны- 136, 30 мұғалім;  Сүлеймен елдімекенінен  17 оқушы, Нұра елдімекенінен   5 оқушы Газель автокөлігімен күнделікті мектепке тасымалданады. 

-            Мамай ауылындағы Аманкелді орта мектебінде 43 оқушыға 21 мұғалім білім береді. 

Сондай-ақ, Үлгілімалшы ауылында  толық күн режиміндегі 1 балабақша жұмыс істейді. Ондағы тәрбиеленушілер саны-  28 бала. Шағын орталықта 11 бала.

 Өткен жылы Абай атындағы мектеп балабақша кешенінің от жағу қазандығы, есік-терезесі, пеші жалпы құны 7 млн 800 мың теңгеге ауыстырылып, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Денсаулық сақтау

Үлгілімалшы ауылдық округінде 1 фельдшерлік- амбулаториялық пункті бар. Халыққа 1 дәрігер мен 4 медициналық қызметкерлер медициналық қызмет көрсетеді. 1 жедел жәрдем автокөлігі бар. 2021 жылы 6 адам ковид ауруына, 7 адам пневмонияға шалдықты. Барлығы 719 адам 1 және 2 вакцинация екпесін алды, қазіргі уақытта Pfizer- мен 12-17 жас  аралығындағы балалар ата-аналарының рұқсат қағазымен екпе алуда. Ұжымдық иммунитет қалыптастыру мақсатында ревакцинация және балалар екпесі бойынша жұмыстар қарқынды жалғасуда.

Әлеуметтік қорғау

             Округте 18 жасқа дейінгі 4 бала тәрбиелеп отырған  20 отбасы бар, барлығына мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған. Аз қамтылған және көп балалы отбасыларға 1 ассистент қызмет көрсетеді. Өткен жылы 4 отбасына, барлығы 35 адамға  мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. 2021 жылы нәтижелі жұмыспен қамту және  жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясындаҮлгілімалшы ауылынан  1 аз қамтылған отбасы қайтарымсыз 583 400  теңге мемлекеттен көмек алып,  ірі қара мал  басын сатып алды. Жалғыз басты  4 қарияға әлеуметтік қызметкер  аптасына 4 рет барып көмек көрсетеді. Қоғамдық  ақылы жұмыстарға 9 тұрғын тартылды. «Жастар іс – тәжірибесі» бойынша 2 жас маман жұмысқа қабылданды. Үлгілімалшы ауылының жастары «Жан жүрегім - Үлгілім» нысанын орнатса, Мамай ауылының жастары Мамай ауылының кіре берісіне арка орнатып берді.

      Мәдениет саласы

Аудан қаражаты есебінен2020 жылы Үлгілімалшы ауылдық клубының жөндеу жұмыстарына 59 млн. 623 мың теңге бөлініп ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Үлгілімалшы  ауылдық клубы қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ауылдық клубқа Е.Асылханов есімі беріліп, салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті.

Қоғамдық құқық тәртібі

         2021 жылы әкімшілік құқық бұзушылық үшін 31 хаттама жасалды.

Шағын және орта кәсіпкерлік

         "Бастау-Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан 3 адам өтті. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағыты аясында "Агро кредиттік корпорация" АҚ арқылы 1 қатысушыға жалпы сомасы 60,0 млн.теңгеге микрокредит берілді.

Абаттандыру

 

Үлгілімалшыауылында абаттандыру бойынша аудандық бюджеттен 2млн. 500 мың теңге сомасына келесі жұмыстар жүргізілді:

- Үлгілімалшы ауылының көшелерін ағымдағы жөндеуге - 500 мың теңге;

- Нұра, Мамай, Сүлеймен ауылдарының көшелеріндегі жарық тіректері мен шамдарын орнатуға – 2 млн теңге.

Үлгілімалшы ауылдық округін әлеуметтік-экономикалық дамыту  бойынша жоспарланған жұмыстар:

  1. Округте аббаттандыру-көріктендіру жұмыстарын жалғастыру.
  2. Мал сою алаңы мен мал қорымына жөндеу жұмыстарын жүргізу;
  3. Үлгілімалшы ауылының көшелеріне жарықтандыру шамдарын орнату;
  4. Мамай, Сүлеймен, Нұра ауылдарына орнатылған жарықтандыру бағандарын қосу;
  5.  Үлгілімалшы ауылында ауылдық клуб пен әкімдік ғимараты аралығындағы бос жатқан аумаққа орталық саябақ орнату;
    1. Мамай ауылына балалар алаңын орнату;
    2. Мамай ауылындағы футбол алаңының жасанды газонын ауыстыру;

Әкімшілік ғимаратының  шатырын ауыстыру, жылу жүйесін жөндеу.

Үлгілімалшы ауылдық округінің әкімі                   Б.Мукушев

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз