Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тассай ауылдық округі аудан орталығынан 60 шақырым  қашықтықта орналасқан.  Жер аумағы 132 811 га құрайды.  Округте аула саны 339. Халық саны 1123 адамды құрайды, оның ішінде экономикалық белсенді халық 579 адам, 16 жасқа дейінгі балалар 305.

2021 жылы  дүниеге 19 сәби келіп,  демографиялық жағдайдың тұрақтылығын көрсетті. 

 

Ауыл шаруашылығы

Ауылдық округ бойынша ауыл шаруашылық жерлерінің көлемі – 23 582 га, оның ішінде егістік – 1050 га, шабындық 6 100 га, жайылым – 17 482 га. Өткен жылғы егістік көлемі –  500  га  құрады. 

Жыл сайын мал басының өсу қарқыны байқалады.  2021 жылдың 1 қаңтарына  8340 бас ірі қара (9,0 пайыз өсім),  қой-ешкі 2717 бас (11,0 пайыз өсім), жылқы 2674 (13,0 пайыз өсім)  тіркелген. 

Округте 23 шаруа қожалық, 1 жауапкершілігі шектеулі секріктестік  тіркелген. Округтегі 4 мал бордақылау алаңында 450  бас ірі қара малы борадақылануда.

Ветеринария саласында 5 маман қызмет көрсетуде. 2021 жылы бруцеллез ауруына   12 100 бас ірі қара мал,  4000 ұсақ мал тексеруден өтіп, 128 бас ірі қара мал және 3 бас қой оң нәтиже берді, анықталған малдар арнайы орынға өткізілді.13  иесіз қаңғып жүрген иттер жойылды.

Салық

Округтегі жер және мүлік салығын төлеушілер саны – 309 адам.

Көлік салығын төлеушілер –  188 адам.

2021 жылға жоспарланған салық түсімдерінің мөлшері 3 401 558 теңге.

Білім беру

         Ауылдық округте 2  мектеп  бар. М.Әуезов атындағы орта мектебінде оқушылар саны - 213, 32 мұғалім;  Үшкөмей, Ақсу елді-мекендерінен  11 оқушы  М. Әуезов атындағы орта мектебі жанындағы интернатта тұрып оқиды.

Үшкөмей ауылындағы Үшкөмей бастауыш шағын комплектілі мектебінде 7оқушы, 2 мұғалім білім береді. 

Сондай-ақ, Тассай ауылында М. Әуезов атындағы орта мектебі жанындағы толық күн режиміндегі 1 «Балбөбек» шағын орталығы жұмыс істейді. Ондағы тәрбиеленушілер саны -  30 бала.

 Өткен жылы М. Әуезов атындағы орта мектебінің от жағу қазандығы, жалпы құны 4 млн 217 мың теңгеге ауыстырылып, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Денсаулық сақтау

Тассай ауылдық округінде 1 дәрігерлік- амбулаториялық пункті халыққа 1 дәрігер мен 4 медициналық қызметкерлер медициналық қызмет көрсетеді. 1 жедел жәрдем автокөлігі бар. 2021 жылы 15 адам қауіпті індетпен ауырып 10 адам пневмонияға шалдықты. Барлығы 720 адам вакцинаның 1 және 2 компонентін алды, қазіргі уақытта Pfizer- мен 12-17 жас аралығындағы барлық балалар ата-аналарының рұқсат қағазымен екпе алды. Ұжымдық иммунитет қалыптастыру мақсатында ревакцинация бойынша жұмыстар қарқынды жалғасуда.

Әлеуметтік қорғау

    Округте 18 жасқа дейінгі 4 бала тәрбиелеп отырған  14 отбасы бар, барлығына мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған. Аз қамтылған және көп балалы отбасыларға 1 ассистент қызмет көрсетеді. Өткен жылы 10 отбасына, барлығы 47 адамға  мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. 2021 жылы нәтижелі жұмыспен қамту және  жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында Тассай ауылынан  1 аз қамтылған отбасы қайтарымсыз 583 400  теңге мемлекеттен көмек алып,  ірі қара мал  басын сатып алды. Жалғыз басты  1 қарияға әлеуметтік қызметкер  аптасына 4 рет барып көмек көрсетеді. Қоғамдық  ақылы жұмыстарға 9 тұрғын тартылып, округтегі абаттандыру, көріктендіру жұмыстарына жіберілді. Жастар іс – тәжірибесі бойынша 1 жас маман жұмысқа қабылданды.

Мәдениет саласы

    2021 жылы Тассай ауылдық клубына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ауылдық клуб үйі қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында  ауылдың тумалары, мектеп бітіргендеріне 40 жыл болған түлектер клуб үйінің төбесіне «Ауылым алтын бесігім» атты көрнекі жазуды тарту етті.

 

Қоғамдық құқық тәртібі

 

         Ауылдық округте қылмыстық құқық бұзушылыққа қарсы комиссия жұмыс істейді, комиссия төрағасы - учаскелік инспектор, полиция аға лейтенанты Күмпейсов  Қуат  Алыбекұлы. Былтырғы жылы округ бойынша  8 қылмыс тіркелді, (барлығы тиым салынған аймақта балық аулау фактісі) барлық 8 материалдық іс Көкпекті аудандық сотында қаралып, тиісті шаралар қолданылды. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 2021 жылдың басынан 26 әкімшілік іс материалдары тіркелген, 8-і қоғамдық орындарда тәртіп бұзғандар, 18 ұсақ бұзақылық. Барлығына хаттамалар толтырылып, айыппұл салынды, ескертулер жасалынды. 

Шағын және орта кәсіпкерлік

     «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан 6 адам өтті. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 6 қатысушының 5-не жалпы сомасы 2 927 000 теңгеге  қайтарымсыз шағын кредиттер берілді.

Сумен жабдықтау және су тарту

Жергілікті халықты таза ауыз сумен қамту мақсатында 2013 жылы ауылдық округтың орталығы Тассай ауылына Ақбұлақ  бағдарламасымен су құбыры тартылып, бүгінгі күні 247 (17 заңды тұлғалар, 230 жеке тұрғын үйлер) абонентке таза ауыз су желісі тартылған. Сонымен қатар, Ақсу мен Қайнар ауылдарында блокты-модульді қондырғылар орнатылған.

Абаттандыру

Тассай ауылында абаттандыру бойынша аудандық бюджеттен 11,5 млн. теңге сомасына келесі жұмыстар жүргізілді:                                                  

-  2,0 млн. теңгеге Тассай ауылының «Габдуллин» көшесіне түнгі жарықтандыру шамдары орнатылды;

- 6,5 млн. теңгеге Тассай ауылының орталық көшесі асфальтталды;

-  3,0 млн. теңгеге футбол ойнау алаңының жамылғысы ауыстырылды.

Азаматтық ұстанымдары айқын жастар ауылдың қоғамдық өміріне араласуда белсенділік танытып,  соңғы төрт-бес жылда мектеп бітіргендеріне 20 жыл болған түлектер «Туған жерге тағзым» бағдарламасы аясында ауылдың көріктенуі мен абаттануына ат салысуы дәстүрге айналған. Осы мақсатта ағымдағы жылы ауыл тумалары, 2001 жылғы мектеп түлектері өз қаражаттары есебінен «Волейбол ойнау алаңын» тарту етті.

Тассай ауылдық округін әлеуметтік-экономикалық дамыту  бойынша жоспарланған жұмыстар:

Округте абаттандыру-көріктендіру жұмыстарын жалғастыру.

Тассай ауылының қалған көшелеріне жарықтандыру шамдарын орнату.

Ақсу  ауылына орнатылған жарықтандыру бағандарын қосу.

Тассай ауылының орталық алаңының жөндеу жұмыстарын аяқтау.

 

Тассай ауылдық округінің әкімі                                             Е.Мазыбаев

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз