Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Раджан Сейтқанов,
Көкпекті ауданының әкімі

Құрметті аудан тұрғындары!
Қадірменді жерлестер!

Сіздерді ұлтымыздың ең ұлық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз болашаққа нық сеніммен қадам басып келеді. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын!
Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл мерейлі 30 жыл толып отыр. Осындай мерейлі шақта Тәуелсіз еліміздің гүлденіп-көркеюі жолында аянбай етіп жүрген барлық көкпектіліктерді Ұлттық мерекемізбен құттықтаймын!
Қазақстан өз Тәуелсіздігін жария-лағаннан кейін ел дамуында жаңа тарихи кезең басталды. Бейбітшілік пен келiсiм, саяси тұрақтылық пен экономикалық өрлеу жүйесі қалыптасты.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дана басшылығымен егемен еліміз әлем қауымдастығынан лайықты орын иеленді. Аз ғана yaқыmmың iшiнде Қазақстанның әлеуметтік-эконо-микалық әл-ауқаты, мәдени, рухани келбетi бұрын болып көрмеген биiк деңгейге көтерілді.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылы, тарих өлшемімен алып қарасақ, қас қағым сәттей-ақ. Бірақ осы уақыт аралығында елімізде ғасырдан астам уақытта атқарылатын істер тындырылды.
Тарихи қысқа мерзім ішінде еліміз жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, құқықтық және демократиялық мемлекетті қалыптастыру, мемлекеттік егемендікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты одан әрі нығайту жолында зор табыстарға қол жеткізді.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде Көкпекті ауданда айтарлықтай өзгерістер орын алды. Аумақтық әкімшілік реформа аясында 1998 жылы бұрынғы Самар және Көкпекті аудандары біріктіріліп, жаңадан Көкпекті ауданы болып қайта құрылды.


1991 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 2,3 есе өсті және 20 319,4 миллион теңгеге көрсеткішке жетті.
Өсімдік шаруашылығының жалпы өнім шығару көлемі 2620,6 миллион теңгеге дейін ұлғайды. Егіс алқабы ұлғайып, 164,2 мың гектарға жетті. Соңғы өткен 5 жылдың ішінде ғана аудан аграршылары 276 бірлік заманауи жаңа техника сатып алды.
Мал шаруашылығының жалпы өнім шығару көлемі 3 есеге өсіп, 17699,4 миллион теңгеге жетті. Егемендік алған уақыттан бері Көкпекті ауданындағы мал басы 8 есеге өсіп, бүгінгі күні 195 101 бас-ты құрап отыр.
Биылғы жылы марал шаруашылығында марал өнімінің көлемі өскенін көріп отырмыз. Ауданда маралдардың саны 1295 басқа дейін өсті.
Өсімдік шаруашылығындағы өнімділікті арттыру аса тиімді жолдардың бірі - суармалы жерлердің ауданын ұлғайту. Бүгінгі күні суармалы жерлер 5900 гектар аумақты қамтиды.
Қазіргі уақытта "Елім-ай Көкпекті" агроөнеркәсіп кешені инвестициялық жобасын іске асыру 1,5 мың гектарға суа-ру жүйесін құру жүріп жатыр. Жобаның мақсаты жем-шөп дақылдарын суару. Жобаның құны 2 миллард 237 миллион 725 мың теңге. 2020 жылы аталмыш жоба "Агробизнес" бағдарламасы бо-йынша "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ арқылы 1 миллард 508 миллион 725 мың теңге сомасына қаржыландырылды. Қазіргі уақытта барлық қажетті жабдықтар 509 миллион теңгеге сатып алынды. Жалпы құны 1 миллиард инфрақұрылым бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстарды аяқтау ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарланған. Жыл соңына дейін Көкпекті ауданы бойынша суармалы жерлердің көлемі 5,9 мың гектардан 7,4 мың гектарға дейін ұлғаяды деп күтілуде.
Білім беру саласында 30 жылдың ішінде Көкпекті, Қарақол, Шәріптоғай, Мойылды, Көкжота ауылдарында 6 жаңа мектеп салынды. Ауданның жалпы білім беретін 19 мектебінде күрделі жөндеу және 72 білім ордасында ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылды. Балаларды мектепке жеткізу үшін 19 жаңа автобус сатып алынды. Осы уақыт ішінде 5 мемлекеттік балабақша жөнделді. Жеке меншік қаражаты есебінен Преображенка, Теректі және Көкжайық ауылдарында жаңадан 4 жекеменшік балабақша ашылды.
Тәуелсіздік жылдары ауданның мәдениет саласында да айтулы өзгерістер орын алды. Көкпекті және Самар ауылдарының мәдениет үйлеріне, Преображенка, Көкжайық, Тассай ауыл-дарының клубтарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аққала, Подгорное, Жұмба, Бастаушы, Үкіліқыз, Сарыбел ауылдық клубтарында ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылды. Көкпекті ауылында әртістер үйі жөнделіп, пайдалануға берілді.
Мәдени мұраны жинақтау, сақтау және зерттеу мақсатында Самар және Көкпекті ауылдарында тарихи-өлкетану мұражайлары ашылды. Бүгінгі күні мұражайлардың өкілдік қорында ауыл мен аудан тарихының түрлі кезеңдерін бейнелейтін 3 мыңнан астам астам құнды жәдігерлер мен материалдар жиналды.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу аясында Подгорное ауылында шағын елді мекенінен шыққан 3 бірдей Кеңес Одағының Батырларына арналған ескерткіш мемориал салынды. Барлық ауылдық округтерде Жеңіс саябақтары күрделі жөндеуден өткізілді.
Қалихан Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде "Толағай" ерлер квартеті мен "Іңкәрім-ай" әйелдер квартеті құрылып, аталмыш ұжымдар "халықтық" атағын екі рет қорғады. 2011 жыл "Толағай сазы" халық аспаптар оркестрінің, "Інжу маржан" ансамблінің құрылуымен және "Толағай" ВИА шығармашылық ұжымының қайта жаңғыруымен есте қалды. Сонымен қатар "Асыл қазына" этнографиялық ансамблі, "Забава "казак әндері ансамблі құрылды. Көкпекті және Самар ауылдарындағы "Жігер" этно-түркі аспаптық тобы және жастардың би топтары жұмыс істеп тұр.
Еліміз азаттық алып, әлемнің спорттық жарыстарында Қазақ елінің көк туын желбіретуге мүмкіндік туды. Тәуелсіз қазақ елінің атын айдай әлемге паш еткен даңқты спортшылар қатарында көкпектілік өрендер де бар. 2021 жылы Токиода өткен жазғы Олимпиада ойындарында Толағайдан түлеп ұшқан еркін күрес шебері Данияр Қайсанов еліміздің намысын қорғады. Аудан тарихында тұңғыш Олимпиада жолдамасына ие болған қайсар ұлымыз Данияр Қайсановтың ізбасарлары көп боларына менің сенімім зор. Республика көлемінде танымал көкпектілік таэквон-до, жекпе-жек ұрыс, волейбол шеберлерінің жетістігі барлық аудан тұрғындарының мақтанышы.

Спорт саласын дамыту үшін Самар ауылында спорт модулі және Көкпекті ауылында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды. Көкжота ауылында балалар және жасөспірімдерге арналған ұлттық ат спорты мектебі пайдалануға берілді. Жасанды жабыны бар 10 шағын футбол алаңы салынды. Көкпекті ауылында "Дәулет" спорт кешені жөнделді. Аудан орталығында 2020 жылы 478 көрерменге арналған 400 метрлік жүгіру жолағы бар дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешені салынды. Сондай-ақ Ауған жауынгерлері спорт алаңының аумағында жасанды жабыны бар футбол алаңы пайдалануға берілді.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында облыстық бюджет қаражаты есебінен ауданы 1970 шаршы метр 36 пәтерлі үйге реконструкциялау жүргізілді. Сондай-ақ 2007 жылы Көкпекті ауылында 5 бір пәтерлі тұрғын үй салынды. 2013 жылы "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы бойынша Көкжайық ауылында жалпы ауданы 1495 шаршы метр болатын 10 қос пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.
2019 жылы "Жұмыспен қамту жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде сметалық құны 337,9 мил-лион теңгені құрайтын "Преображенка-Шұғылбай" автомобиль жолының 0-11 шақырым учаскесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
"Ауыл – ел бесігі" жобасы шеңберінде 2020 жылы 158,0 миллион теңге сомасына Көкпекті ауылының көшелеріне орташа жөндеу жүргізілді.
2020 жылы "Өңірлерді дамыту - 2025" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сметалық құны 275,4 миллион теңгені құрайтын "Тассай ауылына кіреберіс" автомобиль жолының 9-18 учаскесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ағымдағы жылы "Тассай ауылына кіреберіс" 0-9 км автомобиль жолының орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сметалық құны 250 224,177 мың теңге. Сондай-ақ, "Үлкенбөкен-Көкжайық-Үлгілімалшы" автомобиль жолының 0-14 шақырым учаскесіне орташа жөндеу жүргізілді, сметалық құны 392 911,984 мың теңге.
"Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы аясында ағымдағы жылы Самар ауылында ұзындығы 8,023 шақырым болатын 6 көшеге жалпы құны 183,1 миллион теңгеге орташа жөндеу жүргізілді.
30 жылда аудан көлемінде 3 денсаулық сақтау мекемесі салынды. "100 мектеп - 100 аурухана" президенттік бағдарламасы бойынша 2010 жылы заманауи медициналық құрылғылармен және аппаратурамен жабдықталған, бір ауысымда 150 адам қабылдайтын емханасы бар 100 төсектік жаңа үлгідегі аудандық орталық аурухана пайдалануға берілді. Преображенка ауылында отбасылық-дәрігерлік амбулатория және Көкжайық ауылында дәрігерлік амбулатория салынды. Самар ауылында медицина қызметкерлері үшін салтанатты түрде 6 пәтердің кілті табыс етілді.
2011-2020 жылдарға арналған "Ақбұлақ" рес-публикалық бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2013 жылы құны 190 773,228 мың теңге "Тассай ауылында су құбыры желілерінің құрылысы" жобасы іске асырылды. Халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылы Бастаушы және Теректі ауылдарында су құбыры желілерінің құрылысы жүргізілді. Қазіргі уақытта Көкпекті ауданында халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 12 жоба бойынша жұмыс жүргізілуде.
2020 жылы Көкжыра ауылындағы су құбыры желілерінің және Ажа ауылындағы су тарту ғимараттарының құрылысы аяқталды.
Облыстық бюджет қаражаты есебінен 2020 жылы 16 ауылдық елді мекенде блокты-модульді сумен жабдықтау станциялары орнатылды .
Көкпекті ауылында кәріз желілері мен тазарту құрылыстарының құрылысы жүргізілді.
Самар ауылында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 8 пәтер жөнделіп, қоныстандырылды. Көкпекті ауылында халықтың әлеуметтік осал топтарының ішінен 16 отбасына арналған пәтерлер жөнделіп, қоныстандырылды. 2020 жылы "Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында Көкпекті ауылында жалпы ауданы 4172 шаршы метр 20 екі пәтерлі үй салынды. Сондай-ақ 2020 жылы Көкпекті ауылында жеке құрылыс салушының есебінен 9 екі пәтерлі тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта Самар ауылында "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы аясында 9 екі пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ауданда ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттау бо-йынша ауқымды жұмыстар атқарылды.
2017 жылы ұлтымыздың тарихи тұлғасы Уақ Бармақ батырды есте сақтауға арналған бұқаралық іс-шаралар өткізілді. Ақиық ақын Қалихан Алтынбаевтың 90 жылдығына орай республикалық айтыс ұйымдас-тырылды. 2018 жылы облыстық "Жігіт сұлтаны - 2018" байқауы өткізілді. 2019 жылы Алашорда қайраткері Хамит Тоқтамысовты еске алуға арналған бірқатар облыстық іс-шаралар өткізілді. Сондай-ақ, 2019 жылы Көкпекті ауданында "Толағай сұлтаны" халықаралық байқауы жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды.
"Туған жер" кіші бағдарламасы аясында ауданда жалпы сомасы 190 миллион теңгеге 28 жоба сәтті іске асырылды.

Ардақты ағайын!
Қымбатты көкпектіліктер!

Тәуелсіздік жылдарында жеткен жарқын жетістік-терімізді тізбелесек, айтып тауыса алмасымыз анық.
Бұл кешегі бабалар ерлігінен рух алған, ертеңгі ұрпағына жол салған әрбір отандасымыздың – сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің жемісі. Егемендік жылдары Көкпекті ауданының экономикалық даму көрсеткіштері қарқын алып, әрбір салада зор жетістіктерге қол жеткізді. Уақыт талабына сәйкес, аудан көлемінде жаңартулар мен жаңғыртулар орын алды. Бұл тұрғыда әрбір аудан тұрғынының қажырлы еңбегі, лайықты үлесі бар.
Азаттықтың алғашқы жылдарындағы қайта құру, 90-жылдардың қиын-қыстау кезеңде еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай қызмет еткен барлық көкпектіліктерге, аға буын өкілдеріне шексіз алғыс айтып, құрметпен басымды иемін.
Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Біз тұғыры мығым ел болу жолында кедергілерді еңсеріп, қиындықтарды жеңіп келеміз. Мұның бәріне берекелі бірлік пен еселі еңбек арқылы жеттік» деген болатын.
«Еліміз тәуелсіздік жылнамасының төртінші онжылдығына қадам басқалы тұр. Бұл кезеңнің оңай болмайтыны қазірдің өзінде айқын байқалуда. Сондықтан кез келген сын-қатерге дайын болуға тиіспіз. Тынымсыз ізденіп, ұдайы алға ұмтылуымыз қажет»- деп, алда тұрған мақсаттарға кеңінен тоқталып, оны орындау жолдарын айқындап берді. Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін бәріміз бір кісідей жұмылып, елімізде бірлік пен тұрақтылықты сақтап, Президентіміздің төңірегіне топтасып, аянбай тер төгіп, еңбек етуіміз керек. Бұл біздің тәуелсіздікті нығайтуға қосқан үлесіміз болады.
Баршаңызды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен тағы бір мәрте құттықтаймын! Әр шаңыраққа шаттық пен бақыт, дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық, еңбектеріңізге жеміс тілеймін!

Қазақ елінің Тәуелсіздігі ғұмырлы, Туымыз тұғырлы болсын!

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз