Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

22 қыркүйек күні Көкпекті ауданында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаларын жүзеге асыру мәселелеріне арналған аудан активінің жиыны өтті.
Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде өткен жиынға аудан әкімі Раджан Сейтқанов төрағалық етті. Сондай-ақ маңызды шараға ардаргерлер кеңесінің мүшелері, құқық қорғау органдарының басшылары, депутаттар, аудан әкімінің орынбасарлары, зиялы қауым өкілдері, дербес бөлім басшылары мен мамандар қатысты. Ауыл әкімдері мен шалғай ауылдағы зиялы қауым өкілдері «ZOOM» бағдарламасы арқылы байланысқа шықты.
Ауқымды баяндама жасаған аудан әкімі Раджан Сейтқанов Жолдауда көрініс тапқан жеті бағытты және жария етілген бес бастаманы Көкпекті ауданының көлемінде жүзеге асыру бойынша нақты шаралар жүзеге асырылатынын айтты.


- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы Жолдауда еліміздің пандемиядан кейінгі кезеңдегі болашақ дамуын тағы бір мәрте айқындады. Тәуелсіздіктің төртінші онжылдығына қадам басқан еліміздің әрі қарай дамуы үшін нақты тапсырмалар белгіледі. Мемлекет басшысы бүкіл әлемді алаңдатып отырған пандемиямен күрес жолдарын, оның елімізге алып келген зардабы мен өзгерістеріне тоқталды. Еліміздің әлеуметтік дамуына, халықтың табысы мен жұмыс орындарының сақталуы, азаматтардың денсаулығын нығайтып, өмірін ұзарту жолындағы мәселелерге басты назар аударды.
Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесінің міндеттері тұрғысынан біз стратегиялық индикаторлар мен ұлттық мақсаттар көрініс табатын ауданның Даму жоспарын жандандырамыз.
Облыс әкімі Даниал Кенжетайұлының бастамасымен аймақта бұрынғы аудан орталықтарын дамытудың кешенді жоспары жасалды.
Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту тұрғысынан қалыптасқан мәселелерді ескере отырып, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес 2021-2024 жылдарға арналған Самар ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жос-пары жасалды. Жалпы қаржыландыру қоры 9,6 миллиард теңгені құрайды. Көкпекті ауданында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жалпы құны 721,8 миллион теңге болатын 15 жоба жүзеге асырылуда,- деді аудан басшысы
Азық-түлік тауарлары бағасын және аудандағы баға саясатын теңдестіру үшін аудан әкімінің орынбасары Д.Койгелдинге, кәсіпкерлік және туризм бөліміне, ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік та-уарлары бағаларына тұрақты түрде мониторинг жүргізу, тұрақтандыру қорларын пайдалану және ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелерін ұйымдастыру туралы тапсырма берілді.
Қазіргі уақытта Көкпекті ауданы бойынша коронавирус індетіне қарсы вакцинаның толық компанентін алған тұрғындар саны 11544 адамды құрайды. Бұл вакцинациялауға жататын халықтың 77,6 пайызы. Өзекті тақырыпқа кеңінен тоқталған аудан басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыру керектігін айтты.
- Ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы ғана біз әдеттегі өмір салтына орала аламыз. Бұл ретте ауданда ковидтік бөлімшелердегі орындардың қажетті саны қамтамасыз етілгенін атап өту маңызды. Медициналық ұйымдарда 60 тәулікке жеткілікті дәрілік заттар мен жеке қорғану құралдарының қоры бар. Сонымен бірге, ауданымызда 29 қан плазмасының қоры дайындалған және бүгінгі күні 57 донор қан плазмасын тапсыруға дайын. Денсаулық сақтау саласына жауапты орынбасарым Марат Теміржановқа аудандық ауруханалармен бірлесіп, халықты вакцинациялау, инфрақұрылымды дамыту, денсаулық сақтау жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайту, кадрларды басым бағыттар бойынша оқыту жұмыстарын жалғастыруды тапсырамын, - деді Раджан Қайрқанұлы.
Өзінің қорытынды сөзінде Раджан Қайрқанұлы Президент белгілеген жұмысты өз деңгейінде атқаруға барлық мүмкіндіктер бар екенін айтып, аудан тұрғындарын бұл міндеттерді жүзеге асыруда бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Аудан экономикасының дамуына оң әсерін тигізетін саяси құжатта айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін аудан әкімінің орынбасарлары мен қызмет басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар жүктелді.
- Жолдаудан туындайтын міндеттерді өз деңгейінде жүзеге асырып, халықтың әл-ауқатын жақсарту - «Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» ұстанымы. Халықпен арада тиімді кері байланыс орнату біз үшін қашан да негізгі мақсаттың бірі. Мемлекеттік орган басшылары мен қызметкерлеріне жүктелер ендігі міндет - осы маңызды шараларды мерзімінде, нәтижелі жүзеге асыру, - деп түйіндеді аудан басшысы.
Аудан активінің жиынында аудандық мәслихат депутаты Қанат Мәмбетов, «Хофнунг» неміс этномәдени бірлестігінің төрайымы Елена Сихварт, ұстаз Елена Клец және Жастар ресурстық орталығының директоры Гүлмира Ордаханова Жолдаудағы алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруға қатысты пікірлерін білдірді.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз