Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазір егін орағы науқанының қызған шағы. Диқан қауымы жаңа астықты жинап алу қамына кірісіп кетті. Шаруалар ауа-райының қолайлы сәтінде комбайнды тізгіндеп, алғашқы астықты дестеге түсірді. Шығыстың астықты алқабы саналатын Көкпекті ауданында биылғы жылы да аймақтағы егін ору науқанын алғашықылардың бірі болып бастаған еді. Осынау дала жұмыстарына білек сыбана кіріскен аудан диқандары жайдары жаздың әр сәтін қалт жібермей, астық ору қарқынын үдете түскен. Дала төсінде маржандай тізілген комбайндар алтын астықты ысырап қылмай, жиналған дәнді қамбаға құю үстінде.
Көкпекті ауданы бұл науқанға бірсыпыра дайындықпен келген екен. Жаңа астықты жинауға көмек көрсетіліп, шаруаларға арзандатылған жанар-жағар май берілген. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары берген ақпаратқа сүйенсек, біздің ауданда мемлекеттік аграрлық саясат табысты жүзеге асырылуда. 2021 жылы диқандар оңтайлы агротехникалық мерзімде ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді қамтамасыз еткен. Бидай – 71645,0 гектар, арпа –19306,0 гектар, сұлы – 1441,0 гектар, тары - 956 гектар, күздік қарабидай – 600 гектар, қарабидай – 150 гектар, қарақұмық – 290 гектар, майлы дақылдар-58039,0 гектарға егілді.


Күзгі өнім жинау жұмыстарына 218 астық жинау комбайндары дайын. Астық жинау науқанында комбайн тапшылығы болмайды. Астық шығару бағытында 328 арнайы техника жұмыс істейді.
Күздік дақылдар 600 гектар алқапқа егіліп, бүгінгі күні 100 пайыз жиналған. Орташа өнімділік көрсеткіші гектарынан 11 центнерді құрайды. Аудан бойынша 93788,0 гектар алқапқа егілген жаздық дәнді дақылдардың 31,2 пайыз жиналды. Орташа өнімділік гектарына 11,3 центнерден. Жалпы өнім жинау бүгінгі күні шамамен 38,3 мың тоннаға жеткен.
- Күзгі дала жұмыстарын пысықтап алған диқандар, алтын алқапқа орақ салуды дәстүр бойынша арпа дақылынан бастады. Шығым жаман емес. Әр алқаптан мол астық алынуда. Ендігі жұмыс ауа-райына байланысты. Күзгі астық жинау науқанына 3120 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Шаруалар жанар-жағар маймен толық қамтылған. Оның ішінде 1040 тоннасы Самар өңіріне бөлінген, операторы «Petroretail» ЖШС. Оның 180 тоннасы, яғни 17,3 пайыз бүгінгі күні шаруаларға берілді. Көкпекті өңіріне бөлінген арзандатылған дизель отыны 2080 тонна, операторы «Жаңғыз Төбе Мұнай өнімдері» ЖШС. Қазіргі уақытқа дейін 350 тонна дизель отыны алынды. Арзандатылған дизельдің бағасы литріне 180 теңге, - дейді аудан әкімнің орынбасары Дәурен Қойгелдин.
Әр алқапта егін орағы қызу жүруде. Қамбаны қазірден бастап толтыруға кіріскен шаруалар комбайндарын тізгіндеп, егістіктің басынан табылуда.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз