Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жаз – аптап ыстық күнде күнге қыздырынып, суға шомылатын мезгіл. Бұл мезгілде барлығы жағалауға, демалыс орындарына асығары анық. Сол сияқты Сарыбел және Палатцы ауылдық округтері аумағындағы Бұқтырма су қоймасындағы демалыс орындары облыс тұрғындары арасында ғана емес, бүкіл ел көлемінде де үлкен сұранысқа ие.
Бірақ демалу кезінде ең бастысы - сақтық шараларын сақтау, жақсы жүзе білу және судағы қауіпсіздік ережелерін бұзбау. Алайда, қауіпсіздік ережелерін сақтамай, өз өмірлеріне қатер төндірушілер де кездесіп жатады.


Мысалы, 10 тамызда төтенше жағдайлар қызметі дауылды ескерту жариялаған болатын. Екпіні 25 м/с дейін болатын қатты желдің қауіпі туралы смартфоны бар барлық адамдар білуі керек еді.
Осы күні, кешке қарай, сағат 16:00 шамасында Сарыбел ауылы маңындағы "Поющий берег" демалыс базасында үш демалушы резеңке қайықпен толқында "серуендеуге" шешім қабылдапты. Қатты дауыл соғып, жел оларды жағадан алыстата бастаған. Қайықтағылар жағаға қарай қайықты бұрып, барынша ескенімен, қатты жел мүмкіндік бермеді. Демалыс базасының қызметкері болып жатқан жағдайда орай бірден әрекет етіп, бұл туралы Сарыбел ауылдық округінің учаскелік инспекторына хабарлайды.
- Мен ол жерге келгенде, қайықтың аударылғанын көрдім.Ішіндегі адамдар өздігінен жүзуге тырыс-ты, бірақ қатты дауылдың салдарынан олардың әрекеттері сәтсіз еді. Мен ойланбастан оларға көмекке асықтым. Қайыққа шығарып, жағаға жетуге көмектестім, - дейді Тілек Ертаев өзінің батыл әрекеті туралы.
Уақытында келген полицейдің шапшаң іс - әрекетінің арқасында өз өміріне немқұрайлы қараған үш адам қайғылы жағдайдан аман қалды. Жас құтқарушы сұхбат барысында барынша қарапайым болып, өзі туралы көп айтуға ұялғандай болды. Десек те бейбіт күннің батыры туралы біраз ақпарат беруді жөн көрдік.
Тілек Ертаев - Көкпекті ауданы, Ажа ауылының тумасы. Құқық қорғау органдарында 2018 жылдан бері еңбек етіп келеді. Сарыбел және Палатцы ауылдық округінің учаскелік инспекторы болғалы бар болғаны бір жарым айдан асқан. Қазіргі уақытта Сарыбел ауылында тұрады. Ең қауырт айларда, яғни жағажай маусымында, ол үнемі учаскелік полиция бекетінде, әрқашан әкімдік қызметкерлерімен және демалыс базалары өкілдерімен байланыста.
Біз бейбіт күнде батырлық жасаған жас полицейге зор денсаулық, жұмыста сәттілік және дабыл қоңырауларының аз болуын тіледік!

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз