Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығымен айналысатын Көкпекті ауданында қыстық мал азығын дайындаудың маңыздылығы күн өткен сайын артуда. Мал азығы – ертеңгі ел азығы болғандықтан мал жемінің жайы қандай? Қыста қиналмас үшін қандай дайындық шаралары жүргізілуде? Мәселенің маңыздылығын жете білетін аудан әкімі Раджан Сейтқанов аудандық әкімдік отырысының күн тәртібінде бірінші кезекте осы сұрақты қарастырды.
27 шілде күні өткен аудандық әкімдік отырысында қысқы мал азығын дайындау барысы, тұрғындарды жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету, білім ордаларында 2021-2022 жаңа оқу жылын бастауға дайындық жұмыстары, денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік мекемелердің жылыту маусымына дайындығы, мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар аясында жастарды қолдау шараларын жүзеге асыру сынды өзекті сұрақтар талқыланды.


Көкпекті ауданында қысқы мал азығын дайындау науқаны қызу жүріп жатыр. Кәсібінің шырайын енгізген адал малының амандығын тілеген шаруалар қазірден жем азығына мығым кіріскен. Қыстаққа мал азығының мол қорын дайындау – қазіргі басты міндет болып отыр. «Қыстың қамын жаз ойла» демекші, төрт түліктің бабын тауып, қақаған қыстан аман өткізу үшін осы бастан жем-шөпті жетерліктей дайындау керек екені бәрімізге белгілі. Жұмыс барысы туралы аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин мәлемдеді. Осы салаға жауапты орынбасардың дерегі бойынша бүгінгі күнге дейін аудан аумағында 19 мың тонна шөп дайындалған. Бұл толық қажеттіліктің 11 пайызын құрайды. Қатты жем-шөпті дайындау 15 қыркүйектен кешіктермей, ал сүрлем мен жем-шөп қорын толтыруды 1 қарашаға дейін толық аяқтау жоспарлануда.
- Қыстан қысылмай шығу үшін аудан бойынша 172 мың тонна шөп, 13 мың тонна пішендеме, 45,5 тонна сүрлем, 12 мың тонна құнарлы жем және 8 мың тонна сабан дайындау қажет. Шөптің негізгі көлемі табиғи шабындықтар мен жайылымдарда дайындалады. Қалыптасқан климаттық жағдайды ескере отырып, алдағы қыстау кезеңінде мал басы жеткілікті мөлшерде жем-шөппен қамтамасыз етіледі деп айтуға болады. Іргелі шаруа қожалық басшыларымен сөйлесіп, жағдайды бақылауда ұстаудамыз. Шаруалылық басшылары шөп жеткілікті, қажетті мөлшерде жинап алған соң жергілікті тұрғындарға сатып, халықтың бәрін қамтамасыз етеміз деп отыр. Арпа мен бидай орылған соң сабанды тұрғындарға тегін беретін болып келісім жасалды. Ауыл әкімдері халыққа қажеттілікті анықтап берсе сол бойынша нақты жұмыс жасайтын боламыз. Ең бастысы жалғызбасты қарттар мен көпбалалы отбасыларға көмек көрсету қажет. Қазіргі кезде бір мәселе бар – ол шөптің бағасын қымбаттатып отырған өзіміздің жергілікті азаматтар. Шөбі бар, жағдайы бар азаматтар көрші аудандарға шөп сатады. Бұл жағдайды тоқтатсақ. Биылғы жылы шынымен де, шөп аздау, бірақ өзіміздің халыққа жетеді. бар мәселе ауданнан тысқа сатылып кетіп жатқаны. Осыны тоқтату үшін учаскелік полиция инспекторлары да жұмыс істесе. Бірінші кезекте аудан халқын жем-шөппен қамтамасыз ету керек болып тұр, - дейді Дәурен Бақытжанұлы.
Сондай-ақ аудан әкімінің орынбасары ауылдық округ әкімдеріне қосалқы жерлердегі, жол шетіндегі шөптерді қажетті адамдарға шабуға рұқсат беру туралы ұсыныс жасады.
Бұл сұрақ бойынша қорытынды жасаған аудан әкімі Раджан Сейтқанов жауапты орынбасары мен ауыл әкімдеріне мал азығы тапшылығын болдырмау үшін барлық күш-жігерді осы мақсатқа жұмылдырылуды міндеттеді. – Биылғы жыл қуаншылық екені барлығымызға белгілі. Сол себепті әрбір ауылдағы мал азығын дайындау жағдайы әкімдердің қадағалауында болуы керек. Үлкен шаруа қожалықтарының жем-шөп дайындауға мүмкіндігі бар. Бірінші кезекте қарапайым халықтың жағдайын ойлауымыз қажет. Аудандық ауыл шаруашылық бөлімі мен жер қатынастар бөліміне, ауыл әкімдеріне шаруа қожалық басшыларымен меморандум жасау туралы хаттамалық тапсырма жүктеймін. Осы меморандум арқылы жергілікті тұрғындарға шөп нарықтық бағадан төмен сатылуы керек. Бастысы аз қамтылған отбасылар, жұмыссыз адамдар назардан тыс қалмасын, - деп атап өтті Раджан Қайырқанұлы.
Енді жауапты сала басшылары осы тапсырмаларды жүйелі орындап, мал азығымен қамтамасыз етудің қамына білек сыбана кіріссе, игі.
Әкімдік отырысының күн тәртібінде қаралған тағы бір өзекті сұрақ - аудан аумағында 2021-2022 оқу жылын бастауға дайындық барысы. Бұл сұрақ бойынша білім беру бөлімінің басшысы Шолпан Мұстафинова тақырып тізгінін тарқатты. Жаңа оқу жылында аудан аумағындағы 37 жалпы білім беру мектептерінде 4101 оқушы сабақ оқиды. Бөлім басшысының мәлемті бойынша жаңа оқу жылына дайындық барысы жоспар бойынша жүргізілуде. Аудан әкімі Раджан Сейтқанов оқу жылына дайындық барысында ұсақ-түйек мәселе болмайтынын ескертті. Бірінші кезекте санитарлық талаптырдың сақталуы бас-ты назарда болуы керек. Білім ордаларындағы жылыту қазандықтарын жөндеу жұмыстарын 20 тамызға дейін толық аятау міндеттелді.
Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар аясында жастарды қолдау шараларын жүзеге асыру туралы ішкі саясат бөлімінің басшысы Азат Рахимбаев баяндама жасады. Баяндамашының дерегі бойынша ауданда бүгінгі күні 14 пен 29 аралығындағы жастар саны 4 167 адамды құрайды. «Дипломмен ауылға», «Жасыл ел», «Жастар іс-тәжірибесі» жобалары жастардың көп қызығушылығын тудыруда. Ең көп сұранысқа ие «Жасыл ел» бағдарламасы. Ішкі саясат бөлімінің бұл бағытта атқарған жұмысы ауқымды. Алайда жастар саясаты саласында кенжелеп тұрған тұстар да жоқ емес. Аудан әкімі «Жастар мәслихаты» жобасының жұмысын сынға алды. Әрбір ауылдың көшбасшы жастарынан жасақталған үлкен күш қазіргі уақытта тиімді жұмыс жүргізіп жатқаны байқалмайды. Бұл бағыттағы жұмысты жандандыруға аудан әкімінің орынбасары Марат Теміржановқа тапсырма берілді.
Тұрғындарды жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету туралы жер қатынастары бөлімінің басшысы Қуат Әлкенов ақпарат берді.
- Босалқы қордағы жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына тарту мақсатында ағымдағы жылы шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру жөніндегі 22 700 гектарды құрайтын 3 конкурс өткізу жоспарланған. Сонымен бірге уақытша өтеусіз 5 жыл мерзімге мал жаю және шөп шабу үшін 6598,0 гектар жер жер комиссиясының шешімімен беріліп, жер пайдаланушылармен рәсімделу үстінде. Мал басының қарқынды өсуіне байланысты Бастаушы, Аққала, Құлынжон, Үлгілімалшы, Шұғылбай ауылдық округтерінде жеке қосалқы шаруашылық малын жаятын 16760,2 жайылымдық алқап жетіспеушіліг байқалады, - дейді бөлім басшысы.
«Қай ауылдық округте жайылымдық жер жетіспеушілі бар?» деген аудан басшысының сұрағына «ZOOM» бағдарламасы арқылы қатысып отырған ауыл әкімдерінің бір де бірі үн қатпады. Сонда барлық округте жайылым жер жеткілікті ме? Әлде маңызды мәселеде ауыл әкімдері немқұрайлық танытып отыр ма?
Өте өзекті сұрақты талқылауды қорытындылай келе, аудан басшысы бірінші кезекте ауыл маңынан ірі шаруа қожалықтарына жер берілмесін деген талап қойды. Аудандық жер комиссиясының бұл тұрғыдағы берік ұстаным құптарлық. Көкпекті ауданында дұрыс жұмыс ұйымдастырылса жайылым жер де, шабындық та, мал азығы да жергілікті халыққа жеткілікті.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз