Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 32 жыл толды. Мағжан Жұмабаев айтқандай, -«арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты» сарбаздар соғыстың қатеріне бел буып, ел үшін күресіп, жанқиярлық ерліктің ерен үлгісін көрсетті. Тарих жылнамасында өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі – Ауған соғысы. Бұл соғыс біздің ел үшін ғана емес, әлемді жайлаған қақтығысқа толы оқиға болып қалды.
Жас ұрпақ соғыста қару асынып, мұң арқалаған жауынгерлерімізді мәңгі есте сақтауы қажет. Қазіргі уақытта "Көкпекті ауданының Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің ұйымы" қоғамдық бірлестігі жұмыс істейді. Ұйым мүшелері өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесіне үлкен үлес қосып, ауданның қоғамдық жұмысында белсенділік танытуда.


Жыл сайын Ауғанстаннан Кеңес әскерлерін шығару күніне арналған бірқатар іс-шаралар өткізіледі. Биылғы жылы елімізде болып жатқан пандемияға байланысты жиындарға шектеу қойылған. Осыған орай, 15 ақпан күні аудан әкімінің міндетін атқарушы Марат Теміржанов, Көкпекті ауылдық округі әкімінің орынбасары Серік Байсенгіров және жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы Нұрбек Сүлейменов Көкпекті ауылдық округінде тұратын 9 интернационалист-жауынгерлерге барып қайтты. Олар: Тұрысбек Ақжігітов, Қайрат Жанбаев, Ерлан Жұмажанов, Алексей Ивлев, Асылбек Мұқашев, Мұрат Рахымбеков, Ахат Терлікпаев, Аян Халиульдин және Қайырқан Молдаев. Оларға аудан әкімінің атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Сонымен қатар дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің директоры Аслан Танысбаев, Ауған соғысына қатысқан – Ерлан Жұмажанов, Аян Халиульдин және Асылбек Мұқашевпен бірге Көкпекті ауылында орналасқан интернационалист жауынгерлерді еске алу мемориалына гүл шоқтарын қойды.
- Ауған соғысына қатысқан жауынгерлер бұл оқиғаны ешқашан ұмытпайды. 15 мыңнан астам сарбаздар мен офицерлер майдан даласынан оралмады. Олардың арасында еліміздің, ауданымыздың тұрғындары да бар. Көптеген адамдар хабар-ошарсыз кетті. Батырлардың есімі аудан ауылдарындағы көшелерге берілді. Бүгінде Латиф Фахрутдинов атындағы әскери-спорт клубы жұмыс істейді. Тарихтың осы қайғылы сәттерін ешкімнің ұмытуға құқығы жоқ, - деп есептейді Аслан Балабекұлы.
Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі мереке қарсаңында ауданымыздағы Ауған соғысының ардагерлері 97 400 теңге көлемінде бір реттік материалдық көмек алғанын айтты. Дәл осындай соманы қаза тапқан жауынгерлер – Александр Асламов, Қанат Бөкетов, Марат Бейсембаев, Нұрсұлтан Разақов және Латиф Фахрутдиновтің жанұяларына берілді.
Әскери қақтығысқа қатысу әрбір жанның өмірінде терең із қалдырды. Интернационалдық парызға адал болған ауғандық ардагерлерді қадірлеп, құрметтеу – біздің, өскелең ұрпақтың борышы. Елімізде өсіп келе жатқан болашақ ұрпақ осындай батыр ағаларымыздан үлгі алып, бой түзеп өссе дейміз. Осынау ойранға қатысып келген батырларымыздың дендеріне саулық, бастарына амандық тілейміз. Бұл күн – көңілде сызы, жүректе ізі қалған ауыр да азапты күн болып қала бермек. Батырларға деген сый-құрмет ешқашан жоғалмайды, жоғалмақ емес!

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 26 27 28

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз