Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 26 қаңтарында тікелей эфирде Құлынжон, Аққала, Бастаушы және Мариногорка ауылдық округтері әкімдерінің есеп беру кездесулері жалғасты. Өз баяндамаларында ауыл әкімдері халықты округтердің дамуы, атқарылған жұмыстар мен болашаққа жоспарлар мен  бағдарлар туралы хабардар етті.

 

ОКРУГ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Құлынжон ауылдық округінің әкімі С.Д. Демесиновтың есеп беру баяндамасы бойынша онлайн режиміндегі тыңдаушылардың пікірлеріне қарағанда, округ қарқынды дамып келеді. Барлық пікірлер оң баға береді.

Округ тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтар әлеуметтік маңызды салаға жатады. Айтып өтсек, көпшілік тұрғындарды балабақша ашу, 2 пәтерлі үй салу, Көкжыра ауылына апаратын 3 км жолды жөндеу, ауыз су тарту жұмысының аяқталуы мен іске қосылуы, Ертіс өзені арқылы өтетін көпір құрылысы кезінде жұмыс орындарын ашу, көшелерді жарықтандыру мәселелері толғандырады.

Эфир барысында Самархан Демесінұлы барлық қойылған сауалдарға жауап берді. Мысалы, балабақша бойынша. Ғимарат ауылдық  әкімшілігіне жақын орналасқан. Бүгінгі күні мектепке дейінгі мекемені жөндеу жұмыстары аяқталған, тек медициналық жабдықтарды сатып алу қажет. Енді бұл мәселемен теңгеріміне берілген білім басқармасы айналысатын болады.

Округте тұрғын үй кезегінің тізімінде 5 отбасы тұр. Кәсіпкер А.Рахимбаевтың мемлекеттік жеке меншік әріптестік бағдарламасы бойынша биыл Құлынжон ауылында жалға берілетін 2 пәтерлі екі тұрғын  үйдің  құрылысы басталады. Екі отбасы тұрғын үй сатып алатын болып келісті.

Көкжыра ауылына апаратын жолға биылғы жылы жөндеу жұмыстары жүргізілмейді, өйткені клуб үйі мен фельдшерлік-акушерлік пунктті жөндеуге қаражат бөлінді. Құлынжон ауылының тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша көптеген сұрақтар келіп түсті. Жыл соңында су тарту бойынша барлық дайындық жұмыстары аяқталуы тиіс. Округ әкімі тұрғындардың барлығын су құбыры желісінен үйлеріне су тартып алуға шақырды, сонда ғана әрбір үйде су болады.

Самархан Демесінұлы атап өткендей, биыл Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы басталады, мердігерлік құрылыс мекемесі жұмысқа 200-ге жуық адамды тартады. Осыған байланысты жұмысқа орналасуға қызығушылық танытқан адамдар да болды. Жалпы алғанда, 150 адамды арнайы мамандар құраса, ал қалған бос жұмыс орындарына бульдозерлерші, аспазшы, көлік жүргізушілер және басқа да жұмысшылар қажет болады. Жұмыс істеуге ниет білдірушілер болса, ауыл әкімдігіне жүгіне алады.

 

БӨЛІНЕТІН ҚАРАЖАТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТІҢ МӘСЕЛЕСІН ШЕШЕДІ

Есептік кезеңде Аққала ауылдық округінде тұрғындардың өмірлерін қамтамасыз ету және жүктелген міндеттерді орындау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Округ әкімі Берікбол Чакербекұлы Мукушев атап өткендей, алда көптеген міндеттер мен жоспарлар бар. Олардың жүзеге асырылуы қаражатқа байланыс-ты. Азаматтардың өтініштері, тұрғындар сауалдары балаларға арналған спорт және ойын алаңын салу,  жол, таза ауыз сумен қамтамасыз ету және басқа да әлеуметтік салаға қатысты болды. Осы қажетті нысандардың барлығына жобалық-сметалық құжаттама жасалды. Аққала ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт жөндеуді қажет етеді. Келесі аптада «Көкпекті ауданының № 2 аудандық ауруханасы» басшылығы уәде еткендей, оны жөндеу үшін ЖСҚ дайындалады. Жыл соңына дейін Аққала ауылында ауыз су тарту жұмыстары аяқталады. Ал Қойтас ауылында блокты-модульді станция орнатылады. Жаңа жол ауылында осындай станцияны электр желісіне қосу жұмысы қалды. - Осылайша, біздің округ 100% таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі, - деп түйіндеді Берікбол Чакербекұлы.

Барлық округтерде ауылішілік және кірме жолдарды жөндеу мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ. Оның ішінде Аққала округі де бар. Ауыл тұрғындары да осы мәселеге қызығушылық танытуда. Абай көшесіндегі жолға жөндеу жұмысы қажет. Ол су тарту жұмысынан   кейін  аяқталады. Қойтас ауылының жолына да жөндеу қажет. Оны Сәтбаев кен орны аумағындағы ірі кәсіпорын пайдаланады, ол бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында оны тиісті деңгейде ұстауға уәде берген. Бірақ пандемияға байланысты толық жұмыс істемегендіктен, өндіріс көлемі төмендеді. Әкімдік тарапынан жолды грейдерлеу жұмыстары жүргізілуі мүмкін. Тұрғындар, сондай-ақ жол қозғалысын реттейтін «жолдағы кедергі» белгісін орнату туралы өтініш білдірді. Бұл ұсыныс бақылауда және ол «Облшығысжол» ПДУ- 6 жол кәсіпорнынын құзыретінде.

Екі жыл бұрын Қараөткел бағытындағы жолға жүргізілген сапасыз жөндеу жұмысы әлі күнге дейін күн тәртібінен түскен жоқ. Бұл жолы осы мәселе тағы да айтылды. Аққала  атауы мағынасының маңыздылығы, көпбалалы аналарға берілетін жеңілдіктер, ауылдық округтің одан әрі абаттандырылуы туралы сұрақтарға тоқталып тиісті жауаптар берілді.

 

ТҰРҒЫНДАР СЕНІМІ АҚТАЛАДЫ

Бастаушы ауылдық округінің әкімі А.Б. Отаршинаның тікелей эфирі  жан-жақты, екі жақты келісімді түрде өрбіді. Халық алдында есеп беруге арналған сұхбат соншалықты мәнді және мағыналы болғандықтан,  берілген 45 минут тез өте шықты.

Тыңдаушыларға Айнұр Баянғалиқызының атқаратын қызметінің барлығы қызықты болды: әкім ханым болу қаншалықты қиын? Әкім ауылдың шығу тарихын біле ме? Жастар жылында қандай іс-шаралар өткізілді? Әкім барлық қойылған сұрақтарға толық және тиісті жауаптар берді. Округ әкімінің басты ұстанымы - тұрғындардың сенімін ақтау, халық үшін еңбек ету, белгіленген міндеттердің жүзеге асуы үшін қызмет жасау.

Көптеген ауыл тұрғындары пошта бөлімшесі қызметкерінің болмауына алаңдайды. Айнұр Баянғалиқызы атап өткендей, бұл мәселе жақын арада шешілетін болады. Пандемия кезінде Бастаушы ауылының белсенді жастары еріктілер қозғалысына өз азаматтық  үлестерін қосты.

Биыл шағын спорт модулін, воркаут тренингін салу, ауылдың орталық алаңына субұрқақ орнату жұмыстары жоспарлануда. Көкжота ауылының инфрақұрылымын дамытуға көп көңіл бөлінеді, ауылдың кіре берісіне арка орнату, спорт алаңын, жастарға арналған саябақ салу жоспарлануда. Қанат Букетов атындағы ат-спорт мектебі жастарға үлгі болып, жауынгерлік рухты, патриотизмді, туған жерге деген сүйіспеншілікті оятады.

Көпшілікті Қараөткел, Көкжота ауылдарының бағытындағы жол мәселесі толғандырады. Бұл учаскелердегі құрылыс жұмыстары ішінара жүргізіліп, тазарту, құм, қиыршық тас төгілді.

30 жылдан астам уақыт бойы ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың қазынасы «Асыл мұра» әжелер клубы болып табылады, оның бастауында тәжірибелі педагог Жанипа Слямбайқызы Құжамбетова, аға буынның бастаған ісін жалғастыратын «Ақ босаға» келіндер клубы жұмыс істейді. Осы игі істердің барлығы округте халықтың бірлігін, мызғымас беріктігі мен тұтастығын қалыптастырады.

Ескі мектеп ғимаратын жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын, аздаған кемшіліктер қалды. Тікелей эфир барысында педагогика саласының еңбек ардагері Гүлжанат апай Қанғұлова сөз сөйледі. Әкімдіктің атқарған жақсы жұмысын атап өтіп, округ тұрғындарына алғысын айтып, барлығына табыс тіледі.

 

ЕЛЕУЛІ ӨЗГЕРІСТЕР БАЙҚАЛАДЫ

Мариногорка ауылдық округінде соңғы уақытта оң өзгерістер де байқалады. Бұл туралы біз округ әкімі Қ.С. Сурашевтің тікелей эфирде баяндаған сөздерінен қанықтық.

Мысалы үшін, округтегі көшелер атауы өзгерілді. Мариногорка ауылындағы мәдениет үйінің шатырын жөндеу  қажет. Жобалық-сметалық құжаттама жасалды,  қаражаттың түсуіне орай жұмыстар басталатын болады.

Эфир барысында тұрғындарды округтің кейбір көшелерін жарықтандыру, Мариногорка ауылының ата-уын өзгерту, ұялы байланыс орнату, ауылішілік жолдарды жөндеу және басқа да мәселелер толғандырды.

Қайдар Сайкенұлы қойылған сұрақтарға жауап берді. Осылайша, биылғы жылы қосымша тірек бағандарын орнату және округтегі көшелерді жарықтандыру бойынша жұмыстар жалғасады.

2012 жылы  ономастикалық комиссияға ауылдық округ әкімдігі Мариногорканы Талды ауылы деп қайта атау жөнінде ұсыныс берілген. Алайда  ол құжат  өтпеді. Бұл бағытта әлі де жұмыс жалғасады.

Осы жылға жоспарда Мариногорка ауылынан солтүстікке қарай «Аврора» ЖШС компаниясымен ұялы байланыс орнату мәселесі қарастырылған. Негізгі жолдан  Жұмба ауылына дейінгі трассаның жағдайы әлі де көп көңіл бөлуді қажет етеді. Осы бағытта біраз жұмыстар жасалды, қиыршық таспен толтырылды, бірақ жөндеуді қажет етеді, ол оның сапасын жақсартады. 2021 жылға жөндеу жұмыстарын жалғастыру жоспарланған. Ауылішілік жолдарға келетін болсақ, олар су құбыры жүйесінің құрылысы аяқталғаннан кейін ретке келтіріледі.

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз