Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Елімізде 2020 жыл «Еріктілер жылы» деп аталды. Биылғы коронавирус індетінің шарықтап тұрған шағында дәрігерлермен қатар алдыңғы шептен көрінген еріктілер тобы болды. Жыл соңына дейін бірқатар жұмыстар атқарылды. 28 желтоқсан күні ауданымызда Еріктілер жылын қорытындылауға арналған «Volonter №1» атты дәстүрлі аудандық Жастар форумы өтті.
Жиынға аудан әкімі Серікқазы Садуақасов, аудан әкімінің орынбасары Марат Теміржанов және ауданымыздың жалынды жастары мен белсенді еріктілері қатысты. Форум барысында жыл көлемінде атқарылған жұмыстар бейнеролик арқылы қатысушылардың назарына ұсынылды.


Ел басына қара бұлт үйірілген ауыр кезеңде өз басын қатерге тігіп, көмекке мұқтаж жандарға еріктілер қол ұшын созды. Үй-үйді аралап, науқастарға дәрі-дәрмек жеткізіп, тегін азық-түлікпен қамтамасыз етті. Пандемия секілді ел бірлігі сыналар күн туғанда ерікті жастар алдыңғы шептен табылғаны ақиқат.
Шарада «Көкпекті жастары» жастардың патриоттық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Жарбол Алматайұлы бірқатар атқарылған істерді айтып, баяндама оқыды.
- Бүгінгі күні «Көкпекті жастары» жастардың патриоттық қоғамдық бірлестігі мүшелігінде 650-ге жуық жастар бар. Олар білім, денсаулық сақтау, спорт және тағы да басқа сала өкілдерінен. Әртүрлі салада жиналған көкпекті жастары биыл волонтерлар жылында аудан дамуы үшін өз үлестерін қосты. Атап айтсақ, осы жылы «Көкпекті жастары» қоғамдық бірлестігі мүшелігінде құрылған «Арлан» патриоттық клубының жұмыстарын айта аламын. Клуб жетекшісі - Әлижан Артықбаев. Коронавирустық инфекция кезінде «Көкпекті жастары» және «Арлан» патриоттық клубы мүшелері бірігіп, аудан арасында түнгі рейдттер жүргізді, - деді бірлестік жетекшісі.
Жыл көлемінде Ел Президенті нақтылап берген жеті бағыт бойынша ерікті түрде қызмет атқарып, тағлымы мол, өнеге мен тәрбиенің парасатты пайымын көрсете білген «Еріктілер» жылының салтанатты шарасында үздік мамандар мен еріктілер анықталды.
Волонтерлар жылының қорытындысы бойынша аудан әкімі Серікқазы Құсайынұлы жастар саясатына қосқан үлесі үшін жастарды марапаттап, құттықтау тілегін білдірді.
- Жастардың инновациялық әлеуетін тиімді қолдана білген мемлекет стратегиялық артықшылыққа ие болады. Бүгінгі күні аудан бойынша 14 пен 29 жас аралығында 5000 мыңнан аса жастар бар. Мемлекет тарапынан жастарға беріліп отырған көптеген мүмкіндіктерді ауданымыздың жастары қол жеткізіп отыр. Олар «Дипломмен ауылға», «Жасыл ел», «Жас Отан», «Жас маман», «Жас кәсіпкер» т.б. бағдарламалар.
Құрметті ауданымыздың жастары барлықтарыңызға белгілі, биылғы жыл Президентіміз белгілеп бергендей еріктілер жылы болды. Еліміз бойынша барлық аймақтарда пандемияға байланысты еріктілер үлкен жұмыстар атқарды. Биылғы жылы сіздердің күштеріңізбен көптеген отбасыға жәрдем көрсетілді. Біздің ауданымыз бойынша еріктілер көптеген игі бастама жасап, көпбалалы, азқамтылған отбасыларына көмек қолдарыңызды ұсындыңыздар.
Еліміздің ертеңі үшін аянбай тер төгіп, білімді, бастамашыл, еңбексүйгіш болып, Қазақ елінің дамуы жолында аянбай еңбек етуге шақырамын. Мерекелі күндерге жеткізген берекелі бірлігіміз баянды, атар таңымыз шуақты,өзіміз бай-қуатты болайық!

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз