Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тұрғын үй мәселесі бүкіл Қазақстан бойынша, сондай-ақ біздің ауданда ең өткір мәселелердің бірі болып табылады. Оны шешу үшін түрлі тұрғын үй бағдарламалары іске асырылуда, қазақстандықтарға көптен күткен жеке тұрғын үйдің иесі болу мүмкіндігі бұйырмақ.
Біздің ауданда да осы бағытта жұмыстар белсенді жүргізілуде.
Ауыл тұрғындарына арнап үй тұрғызып, көмек қолын созып жүрген кәсіпкерлердің ісі көңіл қуантады.
Солардың бірі "Көкпекті Жолдары" ЖШС басшысы Гүлназ Нұрғалиева.


Ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңында Гүлназ Құдайбергенқызы ауыл тұрғындарына туған өлкесінің дамуына үлкен үлес қосқан әкесі Құдайберген Нұрғалиевтің есімімен аталатын әдемі саябақ сыйлады. Бүгінгі таңда, елге еткен ерен еңбегін қызы Гүлназ Құдайбергенқызы абыроймен жалғастырып жүр. Тек жалғастырып қана қоймай, әкесі салған сара жолды көкжиек етіп, одан да биік шыңдарды бағындырып келеді. Оның игі бастамаларының бірі Көкпекті орта мектебінің жанында 4 екі пәтерлі үй салу болды.
- Бір пәтердің ауданы 100 шаршы метрді құрайды, ол үш бөлмеден тұрады. Пәтерлер толығымен заманауи бағытқа сай жасалған. Барлық үйге, 9 бригадаға 35-ке жуық адам тартылған. Жұмыс 25 тамызда басталды. Бригада жұмысшылары жергілікті аудан тұрғындары екенін атап өтемін. Барлық құрылыстағы жігіттер өз істерін жақсы атқарды, жұмысқа жауапкершілікпен қарады. Жұмыс 1 желтоқсанда аяқталады. Қазіргі уақытта барлық үйлерде ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Олар аяқталғаннан кейін, мемлекет бұл пәтерлерді сатып алады. Әлеуемттік баспана кезекпен мұқтаж тұрғындарға берілетін болады. Дегенмен бірінші көпбалалы және азқамтылған отбасыларға беріледі, - дейді Гүлназ Құдайбергенқызы.
Әлемнің жоғары дамыған елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, әлеуметтік мәселелерді мемлекет қана шешпейді. Коммерциялық сектор да осы процеске белсенді қатысу керек, өйткені қоғамның әл-ауқаты, елдің тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігі оның әрбір азаматтық институттың жауапкершілігіне байланысты.
Мұндай ынтымақтастықтың басты шарты-әлеуметтік жауапты бизнесті қолдау. Кәсіпкерлердің ынта-жігерінің арқасында ауданымыз гүлденіп, көркейе бермек.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз