Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ауыл халқын жер мәселесі толғандырады. Қазіргі уақытта ауылда ата кәсіппен айналысып, шаруасын дөңгелеткісі келетін жастар аз емес. Алайда көп мәселе жер телімін алуға келіп тіреледі. Жаңадан кәсіп бастамақ ниетті жастарды былай қойып, өмір бойы ауылда тұрса да, алақандай жері жоқ байырғы тұрғындар да бар.
28 қазан күні аудан әкімінің қабылдауына Егінбұлақ ауылының азаматтарын жетелеген де осы - жер мәселесі. Серікқазы Құсайынұлына жеке сұрағымен келген ауыл тұрғындары - Нұржан Чукеев, Саят Қасымов және Жұмағазы Байсексеновтарды қабылдап, арыз-өтініштерін тыңдады. Тиісті мамандарға тапсырма беріп, осы мәселенің шешімі тікелей бақылауында болатынын ескертті. Тапсырма беріп қана қоймай, аудан әкім Серікқазы Садуақасов жаңа аптаның алғашқы жұмыс күні Егінбұлақ ауылына арнайы жұмыс сапарымен барып, жергілікті халықпен кездесті. Аудан басшысымен бірге тау қойнауындағы ауылға шаруашылық жөніндегі орынбасары Дәурен Қойгелдин, мәслихат хатшысы Талғат Сарманов, Биғаш ауылдық округінің әкімі Жарқын Бауедимов барды.


Күнде келе бермейтін аудан әкімін орталарына алған ауыл халқы арызы мен өтінішін айтуға мүмкіндік алды. Былтырғы жылы ауыл халқын ауыз сумен қамту мақсатында орнатылған Блок модульдік станция іске қосылмаған. Дәрігер тапшылығы, қыста жолды қардан тазалау, ұялы байланыс орнату сынды мәселелер тілге тиек етілді. Ат төбеліндей аз халқы қалған шағын ауылдың басты мәселесі – жер. Жер көлемі жағынан аудандағы ең ірі округтердің бірі бола тұрып, Егінбұлақта 20 жылдан астам шабындық және жайылым жер теліміне қол жеткізе алмай жүргендер де бар екен. Енді бірі жер алмасақ, қолдағы бар малымызды сатып, қалаға көшуге мәжбүр боламыз деп шағымданды.
Халықтың мұң-мұқтажын тыңдаған аудан басшысы елді сабырлыққа шақырып, көтерілген мәселелер алдағы уақытта шешімін табады деп сендірді.
– Жер мәселесі аудан көлемінде көтеріліп келеді. Алдағы уақытта жер мәселесін қарайтын комиссия құрамы түбегейлі өзгереді. Ауылдық округ әкімдері мен жергілікті қоғамдастық мүшелері кіретін болады. Жер бірінші кезекте жергілікті тұрғындарға беріледі. Ауылды сақтап қалу үшін, халықты тұрақтандыру керек. Жастарға жағдай жасап, елге тұрғылықты жерінде жұмыс жасауға мүмкіндік туғызу - біздің міндетіміз. Сол үшін бүгін Сіздермен кездесіп, айтар арыздарыңызды естуге келдік. Алдағы уақытта бүгін көтерілген барлық мәселенің оң шешімін табуы жолында жұмыс жасаймыз, - деді Серікқазы Құсайынұлы.
Сондай-ақ, округ әкіміне ауыл ішіндегі тазалықты сақтау, тұрғындармен лизингке техника алу жолдарын түсіндіру жұмыстарын жүргізу бо-йынша тапсырмалар берілді. Тұрғындар көтерген үлкен мәселенің бірі - Биғаш-Егінбұлақ жолындағы Кіндікті өзеніне көпір салу. Бұл мәселе де көпке ұзамай шешімін табады деп жауап берген аудан басшысы Биғаш округіне қатысты тағы бір жоспарымен бөлісті. Көкпекті – Биғаш аралығына асфальт жол салу үшін жобалау сметалық құжаттар дайындалып, республикалық бюджетінен қаражат бөлінуге ұсыныс енгізілген.
Ауыл тұрғындарымен қоштасарда аудан әкімі тау қойнауында жатқан еңбекқор жандар мекені назардан тыс қалмайтынын тағы бір мәрте баса айтты.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз