Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

27 қазан күні аудан әкімі Серікқазы Садуақасовтың төрағалығымен аудандық әкімдіктің кезекті отырысы өткізілді. Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде өткен отырысқа ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, мекеме және ұйым басшылары қатысты. Күн тәртібінде бүгінгі күні өзекті болып отырған 5 сұрақ қаралды.

Туризмге арналған жер телімдерін резервке қою сұрағы бойынша жер қатынастары бөлімінің басшысы Қуат Әлкенов баяндама жасады. Бұқтырма су қоймасының жағалауынан 617 гектар жер телімі демалыс базасын және жазғы үйлерді орналастыруға берілген. Жалпы көлемі 293,8 гектарды құрайтын жер телімдерінің пайдалану құқығы - жеке меншік. Бөлім басшысының мәліметі бойынша, ұтымды пайдаланылмаған жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. 2016 жылы сатып алу шартына сәйкес, тиесілі жер телімінің сатып алу құнын төлемеген жер пайдаланушыдан 8 гектарды құрайтын 2 жер телімі қайтарылған. Сондай-ақ, 2018 жылы Миролюбовка ауылының оңтүстігіндегі 206 гектар жайылым жер де мемлекет меншігіне өткізілген. Бүгінгі күні резервке қою үшін Бұқтырма су қоймасының жағалауында 214 гектар босалқы жер қоры бар.


Жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін алынған жерлерге неге демалыс базалары салынып жатыр? Олар неге салық төлемейді? Аудан әкімі бұл сұрақтарды қоя отырып, орындалуын қатаң талап етті.
Күн тәртібінде келесі қаралған мәселе де аса өзекті. Аудан әкімінің бруцеллез ауруының алдын алу және жою бойынша кешенді жұмыс ұйымдастыру туралы хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы тыңдалды. Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аудандық, аумақтық инспекциясының басшысы Ержан Сәрсенбаев баяндамасында бруцеллез ауруының таралуының негізгі себептерін атап көрсетті.
- Ағымдағы жылдың басынан осы уақытына дейін барлығы 436 ауладан 1261 бас, 31 ауыл шаруашылығы құрылымдарынан барлығы 1926 бас ірі қара малдан бруцеллез ауруы анықталды. Қазіргі бар жайылымдар көлемі керекті жайылымдықтар көлемімен салыстырылды. Нәтижесінде барлық ауылдық округтерде жайылым жерлер аумағы мал басына шаққандағы рұқсат етілетін нормаларға мүлдем сәйкес келмейтіні анықталды. Сонымен қатар, жайлауларда су көздері өте тапшы. Су көлемі аз бұлақтардан бірнеше табын су ішетіндіктен, аурудың малдарға жұғу қаупі өте жоғары. Мал қорымдары талапқа сай келмейді. Өлексені жоюға мүлдем мүмкіндік жоқ, - деген уәж айтты, аумақтық инспекция басшысы.
«Көкпекті мал дәрігері» коммуналды мемлекеттік мекемесінің басшысы Кенжебек Териннің ақпараты да осы сарында өрбіді. Маңызды сала басшылары әкімдік отырысының күн тәртібінде 3-ші мәрте қаралып отырған өзекті тақырыпта статистикалық мәліметтерді келтірумен шектелді. Коммуналды шаруашылық басшысының айтуы бойынша, бруцеллез ауруына қарсы вакцина егілген жерде ауруға оң нәтиже беру көрсеткіші азайып отыр. Вакцинаны қолданудың мал иелеріне тиімділігі тұрғындар арасында түсіндірілуі қажет. Бұл орайда аудан әкімі халықпен түсіндіру жұмыстарының нәтижелі болуын талап етті.
- Халыққа үлкен зиян келтіріп отырған бруцеллез ауруының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жеткіліксіз. Ертеңгі ұрпағымыздың денсулығын ойлайық. Мал өнімі қатаң бақылауда болсын. Жағдай жақсы емес, ауру анықталған мал басы өсіп барады. Неге бүгінгі күні аудандағы мал басының 76 пайызы ғана тексеруден өткен? Ветеринарлық қызмет неге дабыл қақпайды? Себебі жұмыс дұрыс ұйымдастырылмаған. Толық тексеруден өткізілу жұмыстары шұғыл атқарылсын, - деп кесіп айтты, Серікқазы Құсайынұлы.
Қаржы бөлімінің басшысы Дулат Оспанов ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу арқылы өткізілген конкурстар мен анықталған заң бұзушылықтар туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, әкімдік отырысының күн тәртібінде көктемгі су тасқынына дайындық шаралары, баспасөзге жазылу науқаны талқыланды.
Төтенше жағдайлар және жұмылдыру бөлімінің басшысы Расул Сарманов көктемгі су тасқынының алдын алуға бағытталған жұмыстар жоспар бойынша атқарылып жатқанын жеткізді.
- Ауылдық округ әкімдерімен каналдар мен көпірлерді тазалау, бөгеттерді нығайту және өзен арналарын тазарту бойынша жұмыстарды жүргізуге қосымша техника тарту үшін жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары, кәсіпорындармен келісім шарттар жасалынған. Көктемгі су тасқынының алдын алу үшін 10 мың дана қап алу жоспарда. Сонымен қатар 15 мың литр Аи-92 маркалы бензин, 10 мың литр жанар-жағар май, 70 куб.м инертті материал дайындалады, - деп баяндады бөлім басшысы.
Жергілікті полиция қызметінің қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстары туралы берген мәліметі оқырмандарға ауқымды сұхбат ретінде ұсынылады.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз