Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудан әкімі Серікқазы Садуақасовтың шалғай ауылдарды аралап, елді мекендер тынысымен танысу бойынша іссапары жалғасуда. 25 қыркүйек  күні аудан басшысы Бастаушы және Көкжыра ауылдарына жұмыс  сапарымен барды.

Көкжырада ауылдың тұрмыс-тіршілігімен танысып, әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады. Бірінші кезекте ауылдағы Амангелді атындағы орта мектебіне ат басын бұрды. Мектеп директоры Гауһар Төлеуғалиқызы қарсы алып, білім ошағының тынысымен таныстырды. Аудан басшысы мектептің жылу жүйесіне, абаттандыру жұмыстарына баса назар аударды. Мектеп айналасының тазалығына, сырлау жұмыстары жасалған білім ошағының директоры Гауһар Төлеуғалиқызының жұмысын жоғары бағалап, жаңа оқу жылына табыс тіледі. Сонымен қатар мектеп медбикесіне карантин кезінде санитарлық талаптарды қатаң сақтап, оқушылардың денсаулығына бейжай қарамауды ескертті.


Жергілікті тұрғындармен жүздесіп, шешімін таппай жүрген мәселелерін тыңдады. Қазіргі таңда ауылдағы негізгі мәселелер - ауыз су мен жол. Су құбырын жүргізбей тұрып, жол жөндеуге асығу қажет еместігін назарға салды. Өйткені, көпшілік көріп жүргендей, бірінші жолда асфальт болған, кейін оны қазып су құбырын жүргізген. Ауыл тұрғындарының айтуынша, мұнда мал жайылымдылығы, электр бағандарын іске қосу, мектеп жолын жарықтандыру қажет.
Тұрғындардың сауалдарын мұқият тыңдаған аудан басшысы Серікқазы Садуақасов бұл мәселелер алдағы уақытта шешімін табатынын айтты.
Сондай- ақ аудан әкімі жұмыс сапарында Бастаушы ауылдық округіне барды. Ауылдық округ басшысы Айнұр Баянғалиқызы салынып жатқан білім ордасының құрылыс жұмыстарының барысын баяндады. Бригада басшысына санитарлық талаптарды қатаң ұстау керектігі ескертілді. Серікқазы Құсайынұлы, сонымен қатар күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан ауылдық клуб үйіне барып, ғимараттағы жылу жүйесін тексерді.
Жұмыс сапары соңында Серікқазы Құсайынұлы округ әкімінің атқарып жатқан жұмысына ризашылық білдіріп, сәттілік тіледі.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз