Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 23 маусымында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Біз біргеміз» республикалық онлайн форумы өтті. Форумға Өскемен, Семей,Шемонаиха және Көкпектіден келген делегаттар қатысты. Аталмыш форумда Шығыс Қазақстан облысы бойынша 97 адам «Халық алғысы» медалімен марапатталды. 

 

Форумда елімізде төтенше жағдай кезінде тынымсыз еңбек еткен түрлі саланың мамандары марапатталды. Белсенді жандарға «Халық алғысы» медалі берілді. Президент сын сағаты туғанда, сынаптай сырғып кетпей, тапжылмай еңбек еткендерді мақтан тұтты. Қасым-Жомарт Тоқаев індетке қарсы күресте ең үлкен ауыртпалық дәрігерлердің, медбикелердің, тәртіп сақшыларының, жедел жәрдем қызметкерлерінің мойнына түскенін атап өтті.
Сондай-ақ, онлайн форум аясында Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов COVID-19 вирусымен күресте ерлік көрсеткен шығысқазақстандықтарға ел Президенті атынан "Халық алғысы" медалін табыс етті.
Бейресми жағдайда және барлық эпиде-миялогиялық талаптарды сақтай отырып барлық аймақтарда бір мезгілде білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау саласында жемісті жұмыс істегендерге және пандемиямен күресте ерекше көзге түскен азаматтар мен азаматшалар марапаталды.
Алғысқа бөленгендердің арасында біздің жер-лесіміз, аудандық маслихат депутаты, «Мұқаш» ЖШС басшысы Абдрахманова Нұржихан Қадылбекқызы бар. Ол көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға 700 мың теңгеден астам сомада қолдау көрсетті.
Елім деп еміренген жандарға елдің берген батасы осы болса керек.

Нұржихан Қадылбекқызы Абдрахманова, «Мұқаш» ЖШС басшысы, аудандық маслихат депутаты:
– Соңғы үш айдың ішінде біздің елімізде ғана емес, барлық әлемде қиындық туындады. Осындай шақта қарап отыра алмадық. Мұның бәрі біріге білгеніміздің арқасы. Өзім осы екі-үш айдың ішінде түсінгенім, біріге білсек күш екенбіз. Ендігісі осы қалпымыздан танбай, табандылық танытып, жауапкершілікпен осы індетті жеңе білуіміз керек. Президентімізге осындай марапат ұсынғанына ризашылығымды білдіргім келеді. Індет ел ішіне тарап кетті. Уыстан шығарып алдық. Бірақ тықыр таянды дегенді білдірмесе керек. Қауіпті кесел алқымнан алғанда да – жұмыла жүріп жеңе білдік емес пе?! Қазір де тегеурін таныта аламыз. Көзге көрінбейтін жаумен қалай күресу керектігін білеміз. Әр адам сақ жүрсе, сағымызды ешкім сындыра қоймайды.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз