Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

28 ақпан күні Көкпекті ауданының тарихи-өлкетану мұражайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астраном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған шағын танымдық-көрме өткізілді. Мұражай қорының сақтаушысы К.Смаилова жүргізген шараға Көкжайық орта мектебі мен Көкпекті аудандық балалар өнер мектебінің оқушылары қатысты. 

«2020 жылы әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтіледі. 2019 жылдың 26 тамызында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 133-ші жарлығында күллі түркі елінің мақтанышы, әлемнің екінші ұстазы, ғалым, философ Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын мемлекеттік деңгейде атап өту туралы қаулы жариялады. 2020 жылы өтуі тиіс ауқымды шараға байланысты Қ.К.Тоқаев әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына дайындалу және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы қаулыға қол қойды», - деді сөз басында аудандық тарихи-өлкетану мұражайы қорының сақтаушысы Клара Рафикқызы. Одан әрі оқушыларды әл-Фарабидің өмірімен, шығармашылығымен таныстыру мақсатында «Әл-Фараби – өркениет философы» атты деректі фильмді назарларына ұсынды.


Келесі кезекте, шараға қатысып, «Әл-Фараби және оның мұралары» атты кітап көрмесін ұсынған аудандық кітапханашылар Әйгерім Маханова мен Айнұр Зарипова өздерінің қысқаша баяндамаларын оқыды.
Мұражайдағы шағын танымдық-көрме «1 нау-рыз - Алғыс айту күніне» арналған аудандық балалар өнер мектебі оқушыларының әзірлеген әр ұлт өкілдерінің қазақ халқына алғыс айту өлең шумақтарымен қорытындыланды.

Айдын ТОҚСАНОВ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз