Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының 30 жылдығына орай Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мешіті тай жарысын өткізді.
Бәйге десе делебесі қозатын қазақ баласы бұл жарыстан шет қалған жоқ. Жарысқа атбегілер аудан көлеміндегі бәйгелерге қатысып жүрген өз жүйріктерін үкілеп қосты. Бұл жолы он шақты жүйрік тай бәйгеге қосылды. Бір сәтте дала төсі шабандоздардың қиқуы мен тұлпарлардың дүбіріне толып кетті.
Шашасына шаң жұқпай, оза шауып мәреге алдымен жеткен жүйріктерге Көкпекті ауданының бас имамы Дүйсен Нұрнәсір қаржылай сыйлық табыс етті.

«Біз ұлттық ат спортын қолдау, салауат-ты өмір салтын насихаттап, жастардың ұлттық спортқа деген қызығушылығын ояту мақсатында осы бәйгені ұйымдастырып отырмыз», - деп атап өтті Дүйсен Нұрнәсір.

І орын Мырзахмет Нұрәлі, ІІ орын Жотабаев Бегжан, ІІІ орынды Омар Ерболсын иеленді.
Шараны тамашалауға жиналған көрер-мендер бәйгенің қызықты өткенін айтып, аламанды ұйымдастырған аудан мешітіне алғыс білдірді.
Көкпекті ауданы орталық мешіттің ақпараты

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз