Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

 Аудан әкімі Асхат Сайдахметұлының тұрғындар алдындағы дәстүрлі есеп беру кездесулері апта басында Көкжайық, Үлгілімалшы және Үлкенбөкен ауылдық округтерінде жалғасты. Есепті жиында аудан басшысы өткен 2019 жылы атқарылған жұмыстарды тізбектеп, үстіміздегі жылы жасалатын жұмыстарды атап көрсетті. Ауылдық округтегі кездесулер ашық пікіралмасу түрінде өткізілді.

 

Қаңтардың алғашқы күндерінен басталған барлық деңгейдегі әкімдер есебі Көкжайық ауылдық округінде жалғасты. Бұрқыраған борасынның басталуы себеп болар, ауыл халқы мәдениет үйіне аз жиналған. Биылғы жыл көкжайықтықтарға жақсылығын көп сыйлады. Жақсы жаңалықтармен көңілдері көтеріңкі елдегі есепті кездесу өте жақсы өтті. Округ әкімінің міндетін атқарушы Зәуре Мұқашева көпшілікті күн тәртібімен таныстырып, өткен жылы атқарылған жұмыстар жайында есептік баяндамасын жасай келе, үстіміздегі жылы қолға алынбақ шаруалар туралы ауылдастарымен бөлісті.
- Құрметті ауылдастар! Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың қойған мақсат-міндеттерін орындау барысында облыс, аудан бойынша көптеген игі істер іске асырылуда. Бүгінде Көкжайық ауылдық окру-гінде де халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартып, ауылды көркейту мен абаттандыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді.
Былтырғы жылы есептік кездесуде қойылған сұрақтар толықтай шешімін тапты.
1. Көкжайық ауылының спортзалдың төбесіне 7 см бикрос төселді.
2. Көкжайық ауылында әкімшілікке және Жеңіс алаңы-на жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
3. Қарағандыкөл ауылында халықтың сұрауы бойынша медициналық пункт ашылды.
4. Қарағандыкөл ауылында «Таза ауыз су» бағдар-ламасы аясында Блок модульдык станция іске қосылды.
5. Көкжайық ауылындағы мектеп, әкімшілік, дәрігерлік амбулаториясына опто-волокондық интернет жүйесі іске қосылды.
6. Ақой ауылындағы «Рустам» ШҚ басшысы 1,5 млн.теңгеге көпбалалы ана Фарида Сейтказинаға үй сатып алып берді.
7. Үлкенбөкен-Көкжайық тас жолы (13 км) ағымды жөндеуден өткізілді.
8. Қарағандыкөл ауылында халық қолдауымен кіре беріске арка орнатылды.
9. Көкжайық ауылының кіре берістегі аркасы ағымды жөндеуден өтіп, жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
10. Көкжайық, Ақой және Қарамойыл ауылдарында әкімшілік, мектеп адында гүл егілді, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
2020 жылға қойылатын міндеттер:
1. Қарағандыкөл ауылының жолын тегістеу.
2. Көкжайық ауылындағы спортзалдың еденің жөн-деу.
3. Ақой және Қарамойыл ауылындарына су құбыры тартылады.
4. Ақой ауылына арка орнату.
5. Көкжайық ауылындағы Ленин көшесінің атауын «Алаш Орда» деп ауыстыру.
6. Үлкенбөкен-Көкжайық тас жолын ағымды жөндеу-ден өткізу.
7. Ауылдық округтің ауылдарында абаттандыру жұмыстарын жалғастыру. Бүгінгі таңда округті дамыту мақсатында осындай жұмыстар атқарылды. 2020 жылы аталған жұмыстар ары қарай жалғастырылады, - деп қорытындылады Зәуре Темірханқызы.
Есептік кездесуге қатынасып отырған аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы жиналғандарға ауданымыздың өткен жылғы табыстары мен болашаққа жасалған жоспарлары туралы жан-жақты баяндап өтті. Аудан басшысы Көкжайық округіне қарасты мәселелерді тарқата айтып берді.
Көкжайықтықтар атынан халықтың ұсыныс-тілектерін зейнеткерлер Б.Кеңшілікова, Т.Жазнаев, Қ.Жазнаев және ауыл тұрғындары А.Төлешқызы, Ж.Бопанов, Қ.Исабаева жеткізді.
Аудан әкімі бұл мәселелерді мұқият тыңдап, әр сұрақ-ұсыныс зерделеніп, сараптама жасалатынын айтып көпшілікке мәселенің мән-жайын кеңінен түсіндіріп берді.
Ал Үлгілімалшы ауылының мектеп залында өткен жиынға ауыл тұрғындары, ұстаздар мен әкімшілік қызметкерлері қатысты. Үлгілімалшы – аудан орталығынан және де үлкен жолдан шеткері орналасқан ауыл. Сондықтан да округтің әлеуметтік жағдайын шешу біліктілікті, тынымсыз еңбекті қажет ететіні түсінікті. Ауыл әкімі Мерей Смағұловтың жылдық есебіне қарағанда, жалпы жан-жақтылы өсім барлығы байқалады. Әрине, шешілмеген, қордаланған, кезегін күткен түйткілді істер де көп. Дегенмен, Мерей Нығметжанұлы округ басшысы болғалы бері нақты істер қолға алынып, жүйелі жұмыс жүріп жатқанын халық ризашылықпен жеткізді.
Әкімдерінің ісіне оңды баға берген ауыл тұрғындары аудан басшысы Асхат Сайдахметұлы таныстырған баяндамадағы жағымды жаңалықтарға қуанысып қалысты. Ең бастысы, ауылдарына мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары басталғаны, аудан экономикасын алға жетуі, таза сумен қамтамасыз ету, балабақша мен мектептердегі білім сапасын көтеру сынды жаңалықтар көңіл көншітерліктей.
Ауыл тұрғындарының сұрағы негізінен ең өзекті өрт сөндіру машинасының қажеттігі төңірегінде болды. Аудан басшысы бұл мәселелер бойынша ауыл әкіміне арнайы тапсырма беріп, жеке өзінің бақылауымен барлық мүмкіндіктер қарастырылатынын айтты. Ауыл әкімі мен аудан басшысына ризашылығын білдірген Раушан Бейспекова аналық алғысын білдірсе, Нұра ауылының тұрғыны Әсемгүл Станбекова аудан әкімінің балалар үшін алынған жаңа автобусқа рахметін айтты.
Есеп беру барысында аудан әкімі биылғы жылы атқарылар істердің - ауылдың көріктенуін дамыту бойын-ша жұмыстарды жалғастыру, агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, әсіресе, аудандағы мал шаруашылығын дамыту мәселесі, ауылшаруашылық өнімінің өндіріс көлемін арттыру, ауыл шаруашылығын жүйелі қолдау бойынша шаралар қолдану, білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту, жол мәселесін реттеу, аудан ауылдарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасатындығын жеткізді.
Кездесу соңында аудан әкімі барлық елді мекендердегі есеп беру жиналыстарында тұрғындардан түскен сұрақтар, ұсыныс-пікірлердің және мемлекеттік, өңірлік бағдарламалардың сапалы, уақытылы орындалуы қатаң бақылауда болатынын жеткізді.
Аудан орталығына іргелес орналасқан Үлкенбөкен ауылы шамдары жарқыраған, жолы жақсы, байқуатты мекен. Тұрғындарды жаңа жыл жағымды жаңалығымен қуантты, биыл Үлкенбөкен ауылы тірек елді мекендердің қатарына кірді.
Округ әкімі Нұрлан Үмітқазыұлы есептік баяндамасымен жиынды ашты. Атқарылған жұмыстар аз емес. Жоспар да бар. 3 ауылды біріктіретін округте 1718 адам қоныстанған. Ауыл әкімі Нұрлан Үмітқазыұлы ауылдың әлеуметтік хал жағдайы, көркейту-көгалдандыру, мәдениет, білім саласы, пошта байланыс бөлімшесі, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, ветеринария, салық салалары бойынша және ауылдық округі әкімінің аппаратында атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жос-парларымен бөлісті:
1. Үлкенбөкен ауылына кіреберіске (Преображенка жақтан) арка орнату. «ИП Тайм» құны 1,5 млн. теңге болатын арка орнату жұмыстарын бастады. Бүгінгі күні «Облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан» арканы орнатуға рұқсат қағаздары.
2. Жаңа жұмыс орындарын ашу, округке инвестиция тарту.
3. Ақтас, Жансары ауылдарына орнатылған жарық-тандыру шамдарын іске қосу.
4. «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша таза сумен жабдықтау жұмыстарын жалғастыру
5. Бос тұрған ғимараттардың нақты иелерін анықтау жұмыстарын жалғастыру, - деді ауыл әкімі.
Баяндаманы талқылауға тұрғындар қатысты. Олар әкімнің жұмысына оң баға бере отырып, болашақта ауылды дамыту жөнінде өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. Осымен аудан әкімінің кестеге сай үш ауылдағы сапары аяқталды.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз