Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Осы Алтын күз шуағында біз Аналар күнін мерекелеп атап өттік. Әйел алдымен отбасының ұйытқысы, сұлулықтың символы. Әйелдің қоғамда, отбасында алатын орны, атқарар рөлі өте үлкен. Ана ақылшы, тәрбиеші, үйдің береке-ырысы ғана емес, ол елмен елдестіруші, араздақты бітістіруші. Ана – әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді.

 

22 қыркүйек күні Самар мәдениет үйінде Аналар күніне арналған «Асыл ана, өмірімнің шуағы» атты байқау әйелдер кеңесі, ауылдық әкімшілік қызметкерлері және ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өткізілді. Байқаудың қатысушылары «Асыл қазына» клубының ардақты әжелері болды. Әрқайсысы отбасыларының ұйытқысы болып, бірнеше бала өсіріп жеткізіп, немере сүйіп, қоғамдық істен де қалыспай, сахна төрінде ән салып жүр. Байқауды тамашалауға жиналған қауым алдында Самар ауылдық округінің әкімі С.Дүсіпов құттықтау сөз жолдады.

Байқау бірнеше кезеңнен өткізілді. Алтын қолды шебер, атадан балаға салт-дәстүрімізді мирас қылып, жаңғыртып келе жатқан әжелер өнерлерін паш етті. Мәриямқан Қамалқызы бұл бөлімде он саусағынан өнер тамған ана екенін дәлелдеп берді. Оның құрақ көрпесі, қолдан тоқылған кеуде күртешесі көздің жауын алады. Ардақты аналар ас мәзірін ерекше дәмді дайындайтынына ешкімнің күмәні болған жоқ. Еттен дайындаған әртүрлі тағамдарды М.Қамалқызы, Ш.Сибатқызы, М.Дәуітқызы, Қ.Базарбекқызы көрсетсе, көкөністен әзірлеген дәмді салаттарды М.Қамбарқызы дайындады. Бірақ, аспаздық шеберлігі жағынан Б.Жолдыбайқызы бәрінен асып түсті. Ол кісінің қолынан әзірлеген ұлттық тағамдары – қоспа, ірімшік, құрт, сүзбе, тұшты бауырсақтары төрешілерді таңғалдырды.

Қазіргі уақытта Алтын күздің жылы сәулесін жерге төгіп, гүл әлемін сыйға тартқан кезеңі. Сондықтан, байқау қатысушылары жұпар иісі аңқыған сан түрлі әдемі гүлшоқтарын әзірлеп, мәдениет Үйінің ішін жайнатып жіберді. Сонымен қатар, асыл аналар басқа да ән шырқау, би билеу секілді өнерлерін паш етті.

Байқау қорытындысында бас жүлдені М.Қамалқызы жеңіп алды. Өздеріне лайық аталымдарға – «Көреген ана» - Қ.Базарбекқызы, «Өнерлі ана» - Ш.Сибатқызы, «Шебер ана» - Б.Жолдыбайқызы, «Үлгілі ана» - М.Қамбарқызы, «Көрермен көзайымына айналған ана» - М.Дәуітқызы ие болды. Барлық қатысушыларға грамоталар мен бағалы сыйлықтар таабысталды.

Әділқазылар алқасының мүшесі Э.Степанова сайысқа қатысқан аналарды мерекемен құттықтады. Оларға өздерінің егде жасқа келгендеріне, уақыттарының тығыздығына, күнделікті тіршіліктеріне қарамастан ұлттық және отбасылық құндылықтарды насихаттауда қажырлылық көрсеткендері үшін алғыс арнады.

Қанат АПСАДЫҚОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз