Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ауданда көктемгі қарғын су қаупінің алдын алу бойынша кешенді әзірлік жұмыстары жүргізілуде. 12 наурыз күні облыс әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков су тасқыны ықтимал нысандарда болып, дайындық жұмыстарының барысымен танысты. Аудан әкімі Асхат Смаилов жұмыс тобына қарғын судың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстарды баяндап, тасқын қаупі бар нысандардың жағдайын жеткізді.
Облыс әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасымен құрылған жұмыс тобының құрамында орынбасары Шалқар Заманбекұлымен бірге жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Елдос Чикенов, Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Мадьяров, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұрат Құсайынов бар.


Жұмыс тобы алдымен Шұбарқайын ауылындағы Карповка су қомасына барды. Орман өртін өшіруге қажетті су қорын сақтау мақсатында салынған су қоймасының сыйымдылығы 100 мың текше метр. Күн күрт жылынып, жауын-шашын мөлшерден тыс жауған жағдайда су жіберу мүмкіндігі аз бөгеттің арнасы бұзылу қаупі сақталып отыр. Негізгі мәселе Лайлы және Ешкібай су қоймаларының арасындағы каналда туындап тұр. «Шығыс Су қоймаларының» теңгеріміндегі каналда дайындық жұмыстары толық атқарылмаған. Канал арнасы қаулап өскен тал мен қамысқа толы. Арық жағалауы да тиісті деңгейде бекітілмеген. Бұл орайда облыс әкімінің орынбасары Шалқар Заманбекұлы шұғыл шешімнің қажеттігін ескертті. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұрат Құсайыновқа және «Шығыс Су Қоймалары» басшысы Александр Лукинге тез арада каналды мұз бен тал-қамыстан аршу үшін техника кіргізуді қатаң тапсырды.
Жұмыс сапарының соңында Шалқар Заманбекұлы аудан әкіміне көктемгі қарғын судың алдын алу шараларын тағы бір мәрте пысықтап, су тасқыны ықтимал нысандарды жіті бақылауда ұстауды міндеттеді.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз