Ақсуат Халық театры гастрольдік сапармен Көкпекті ауданында. Аудандық мəдениет үйінде "Ұр Тоқпақ" халық ертегісінің алғашқы қойылымы сахналанды. Жарты ғасырдан астам тарихы бар театр актерлерінің шеберлігін 300-ден аса бүлдіршін тамашалады. Аудан басшысының мұрындық болуымен көкпектілік балғын көрерменге базарлық жасаған шығармашылық ұжымның гастрольдік сапары жайлы арнайы репортаж газеттің кезекті санында жарық көреді.




