Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

1989 жылы ақпан айының 15-де талай аналарды перзенттерінен айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де, қайғылы Ауған соғысы» аяқталды. Бұл күні бұрынғы Кеңес одағы құрамында болған елдер сол жылдардағы жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі алдында бас иіп, жат жерде ажал құшқан батырларды қайғыра еске алады.

Ауған соғысы ешқашан да естен кетпек емес. Сол соғыста Отан алдында берген анттарына адал болған, өздерінің батылдығы мен жанқиярлығын паш еткен ұлдарын, борыштарын мүлтіксіз атқарған азаматтарды құрмет тұту әрқайсымыздың борышымыз.

Бүгінгі күні ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз бейбіт өмірдегі жарқын істерімен, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктерімен, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектерімен ерекшеленуде. Олар өскелең ұрпақ үшін отансүйгіштік пен патриоттықтың жарқын үлгісі болуда. Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін-бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда ауданымыздың түкпір-түкпірінде еңбек етуде.

Қазіргі таңда біз Ауған соғысында өмірін қиған солдаттар, сержанттар мен офицерлер, әскери дәрігерлер және басқа да жауынгерлік сертіне беріктігін көрсеткен батыл да қайсар азаматтарды мақтан тұтамыз. Олардың есімдері мәңгілік даңқ және естелік тақтасына алтын әріптермен жазылған. Олар біздің даңқты жерлестеріміз - Александр Викторович Асламов, Қанат Биахметұлы  Букетов, Марат Ибрагимович Бейсембаев, Нұрсұлтан Орақпайұлы Разақов, Латиф Абайұлы Фахрутдинов. Біз олардың туған-туыстарының орны толмас қайғысына ортақпыз. Біз атақ алу үшін емес, азаттық алу үшін соғысқан, ұлы мақсат жолында  жандарын қиған сарбаздарымызды ешқашан ұмытпаймыз.

Құрметті Ауған соғысы ардагерлері! Жауынгер-интернационалистер!

Сіздерді Ауғанстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылуына 30 жыл толған атаулы күнмен құттықтаймыз. Ел үшін атқарған және әлі де жүзеге асыратын істеріңіз  үшін сіздерге алғыс айтамыз.

Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, құт-береке, туғандарыңыз бен жақындарыңызға бақыт тілейміз. Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін!

А.Смаилов, аудан әкімі

Т.Сарманов, аудандық мәслихат хатшысы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз