Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 23 қаңтар күні аудан орталығындағы білім ордасы Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебінде «Самбо» күресінен бірнеше дүркін чемпионы, спорт шебері, ардагер спортшы Серікболсын Асырандыұлы Тлебалдинмен «Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» тақырыбында кездесу өтті.


Шара «Рухани жаңғыру: бола-шаққа бағдар» бағдарламасы аясында, спорт ардагерінің жолын жастарға үлгі ету мақсатында ұйымдастырылды.Спорт ардагері Серікболсын аға жастарға қалай жетістікке жеткендері жөнінде ой өрбітіп, мақсатқа жету жолындағы көрген қиындықтары мен қуаныштарын әңгімелеп берді.
Сонымен қатар, Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің жезтаңдай әншілері Нұрлан Қайратұлы мен Жанабай Қасенов спорт ардагерінің құрметіне «Аман бол ағаларым», «Мен қазақпын» әндерін орындады.
Мектеп оқушыларына спорт ардагерінің өмірбаяны, жеткен жетістіктері жайында бейнебаян көрсетілді. Мектеп директоры Қажет Жүнісбекұлы кешке қатысушы ардагерге алтын уақытын бөліп, осындай керемет кештің куәсі болғанына ризашылығын білдіріп, сый-сияпат табыстады. Мектептің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Саягүл Мағауияқызы спортшыларымызға құрмет көрсету кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет екенін айтып, спортшы ардагерге ақ тілегін білдірді.
Шараға қатысушы оқушылар көкейкесті сұрақтарын қойып, өзара ой бөлісті. Кеш соңында ардагер жылы лебізін білдіріп, батасын берді.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз