Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тәуелсіздік - ұлы ұғым. Жұмыр жер бетінде азаттығын аңсап, бостандыққа қол жеткізе алмай жүрген ұлттар көп. Жыл, ай емес, минут сайын құбылатын алмағайып заманда Қазақстанымызбен мақтанып қана қоймай, тәуелсіздігімізді тұғырлы ету үшін баршамыз еңбек етуге тиістіміз. Ауданымыздағы байырғы ауылшаруашылығы ұжымдарының бірі – «Арна» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ел тәуелсіздігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген қарапайым жұмысшыларды жұмылдырған ұжым.
Аудан бюджетіне салық ретінде жыл сайын 4 миллион теңгеден аса қаражат құятын бұл жауапкершілігі шектеулі серіктестік дәнді дақылдар егумен, мал шаруашылығымен айналысады. Шаруашылық басшысы қарамағындағы Ұзынбұлақ ауылы мен Көкпекті ауылы округі тұрғындарына жұмыс орнын ашып отырған әлеуетті ұжым. Бүгінде мал қыстату мен машина трактор паркінде жөндеу жұмыстарымен айналысып жатқан ұжым қытымыр қыстан қысылмай шығуды ойластыруда. Қамбасы дәнге, өрісі малға толған ұжым еңбеккерлері жыл бойындағы еңбектерінің жемісін көруде.


Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Шығыс Қазақстан облысында өткен салтанатты жиында Көкпекті ауылдық округінің Ұзынбұлақ ауылында орналасқан «Арна» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басшысы Мұрат Кеңесұлы Жақыпов «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығы бойынша «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Салтанатты марапаттау облыстық әкімдік ғимаратында өткізілді. Еңбекпен тапқан ердің марапаты – «Ерен еңбегі үшін» медалін ұзынбұлақтық аграрий Мұрат Жақыповқа облыс әкімі Даниал Ахметов табыстады.
Еңбегі ерен ер аға - Мұрат Кеңесұлы Жақыповты мемлекеттік наградасымен құттықтай отырып, аудан игілігі мен дамуына қосқан үлесі үшін айтылатын жақсы тілектер легіне қосыламыз.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз