Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Құрметті Көкпекті ауданының тұрғындары!
Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Баршаға жан шуағы мен жайдары көңіл-күй сыйлайтын бұл мереке өткенімізді саралап, ертеңімізді бағамдайтын керемет сәт.
Жаңа жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ерекше мерекеміз.
Біз осынау бүкілхалықтық мереке үстінде Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған реформаларының арқасында қол жеткізген табыстарымызды үлкен мақтанышпен айтамыз. Осы орайда, өткен жыл еліміз үшін шын мәнінде бірлік пен берекенің, ел тілегі жүзеге асқан, серпінді жобалардың орындалуымен аса құнды жыл болды.
Келер жыл өмірімізді мәнді оқиғаларға, татулық пен жасампаздыққа толтырғай! Ортақ шаңырағымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген барша азаматтарға бейбіт өмір, тыныштық, мол жақсылық тілеймін. Жаңа жыл үлкен үміт, шаттық пен қуаныштың жылы болсын
Құрметті жерлестер! Ардақты ағайын!
Аудан тұрғындарының ынтымағы мен бірлігінің және еңбекке деген құштарлығының арқасында өңіріміздің дәулеті мен сәулеті артып, әл-ауқатымыз жылдан-жылға жақсаруда. Жаңа жыл еліміз үшін берекелі болып, барша шаңыраққа шуақты шаттық әкелсін! Сiздердi Жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, елімізге тыныштық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тiлеймiз!

Аудан әкімі А.Смаилов
Аудандық маслихат хатшысы Т.Сарманов

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз